Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ бас директоры Николай Горбань қазақстандық мұнайды экспортқа тасымалдау бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында атап өтілгендей, қазіргі кезде мұнай құбырының өткізу қабілетіне қойылған шектеулер алынып тасталды және қазақстандық жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау толық көлемде қалпына келтірілді. Айлақтың барлық құрылғылары жұмыс істеп тұр.
«КҚК теңіз терминалында зақымдалған жылжымалы айлақ құрылғыларын жөндеу жұмыстары аяқталғанына қуаныштымыз. Бұл шектеулерді алып тастауға және Қазақстанда мұнай өндіруді толық көлемде қалпына келтіруге мүмкіндік берді», — деді ҚР Премьер-Министрі.
Әлихан Смайылов Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасы аяқталғаннан кейін қосымша мұнай көлемін тасымалдау үшін КҚК құбыр жүйесінің осал жерлерін жою жобасын уақытылы іске асырудың маңыздылығына тоқталды.
«КҚК мұнай құбырын одан әрі апатсыз және үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ету аса маңызды. Бұл үшін барлық қажетті шараларды қабылдау керек деп санаймын», — деді Қазақстан Үкіметінің басшысы.
КҚК мұнай құбыры Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған ірі кен орындарынан мұнай экспорттаудың ең төте жолын және неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларды қамтамасыз етеді. 2021 жылы Қазақстаннан құбыр арқылы 53,1 млн тонна мұнай, 2022 жылғы қаңтар-сәуір айларында 18,7 млн тонна мұнай тасымалданды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!