Главная Новости Каспий теңізінің түбімен тартылатын суасты кабелі Құрық портына жеткізілді
22 июня 2026, 11:32 48

Каспий теңізінің түбімен тартылатын суасты кабелі Құрық портына жеткізілді

Каспий теңізінің түбімен тартылатын суасты кабелі Құрық портына жеткізілді

«Қазақтелеком» АҚ «AzerTelecom» компаниясымен бірлесіп Каспий теңізінің түбімен суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) тарту жөніндегі ауқымды жобаны іске асыруды жалғастыруда. Қазіргі уақытта суасты кабелі автокөлікпен Құрық портына жеткізілді. Кедендік рәсімдер аяқталғаннан кейін кабельді тарту жұмыстарын бастау үшін ол Әзербайжанға жөнелтіледі.

Кабель тартылатын бағыт бойынша Қазақстан мен Әзербайжан аумақтарында жағалау құдықтарын орналастыру орындары айқындалды. 2025 жылы желтоқсанда экологиялық рұқсат берілді, ал суасты кабелін төсеу жұмыстары 2026 жылдың жазына жоспарланған.

Қазіргі уақытта Қазақстан жағалауында көлденең бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Жағалаудағы жартасты топырақта теңіз түбін жағалаудағы құдықпен жалғайтын қорғаныш кабель арнасы салынып жатыр. Бұрғылау аяқталғаннан кейін Әзербайжаннан келетін кабель төсеу кемесі суасты кабелін дайындалған арна арқылы өткізіп, оны кейін жағалаудағы станцияға қосады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: