Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Президентке елордаға іргелес орналасқан Қосшы қаласының инфрақұрылымдық даму жоспары таныстырылды.
Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасеновтің айтуынша, елді мекенге 2021 жылы облыстық маңызы бар қала мәртебесі берілгеннен кейін тұрғындар саны 110 мың адамға жеткен.
Жалпы қаланың бас жоспары аясында 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үй мен 45 әлеуметтік нысанның құрылысы жоспарланған.
Соңғы екі жылда қалада үш мектеп пайдалануға берілді. Тағы бір мектеп құрылысы аяқталуға жақын. Алдағы уақытта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында үш білім ошағын, сондай-ақ екі балабақша салу көзделген.
Денсаулық сақтау саласында бір мемлекеттік емхана, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде екі емхана жұмыс істейді.

Қала әкімі қазіргі кезде жекеменшік инвестиция есебінен жанында 1000 келушіні қабылдайтын емханасы бар 300 орындық көпбейінді аймақтық аурухана салынып жатқанын жеткізді. Жаңа ауруханада терапия, онкология, неврология және перзентахана бөлімшелері болады. Медициналық мекеме тек Қосшы халқына ғана емес, жақын маңдағы аудандардың тұрғындарына да қызмет көрсетеді деп жоспарланып отыр.
Биыл мамыр айында «Alan» дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Кешенде балаларға және ересектерге арналған бассейн, жаттығу және спорт залдары бар.
Ал Қосшы тұрғындарының игілігіне келесі жылы берілетін Қоғамдық мәдени-спорт орталығында интерактивті білім беру бөлімі, спорт залы, теннис, баскетбол, футбол, волейбол алаңдары, кинотеатр, көрме залы, кітапхана, дәрісхана, амфтитеатр ашылады.
Мемлекет басшысы Қосшы қаласында құрылыс жұмыстары қарқын ала бастағанын ескере отырып, облыс әкіміне елді мекендегі инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және газ құбырын тарту мәселелеріне айрықша мән беруді тапсырды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
133
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»