Главная Новости Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды
28 қаңтар 2022, 16:10 1479

Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды

Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының Төрағасы болып сайланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев съезде сөз сөйлеп, партияны қандай өзгерістер күтіп тұрғанына тоқталды.

«Мен елді жан-жақты жаңғырту бойынша ауқымды күн тәртібін ұсындым. «Nur Otan» оны іске асыруға белсене араласып, Қазақстанның прогрессивті өзгерістері мен жаңаруының нағыз қозғаушы күші болуға тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, «Жаңа Қазақстан» жағдайында Nur Otan да жаңаруы керек.

«Бірақ бұл үшін «Nur Otan» өзі жаңаруы тиіс. Бұл косметикалық өзгерістерді емес, партияның бүкіл жұмысын түбегейлі қайта құруды қажет етеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қоғамдық қабылдаулар қызметін жандандыруды тапсырды.

«Қоғамдық қабылдаулардың қызметін жандандыру қажет. Партияның бүкіл ел бойынша 238 қоғамдық қабылдау бөлмесі бар, бірақ олардың жұмысы онша көрінбейді. Сонымен бірге, азаматтардың барлық өтініштерін бақылауға алып, қатаң қадағалап отыру маңызды», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, лауазымды адамдар тарапынан әділетсіздік немесе немқұрайлы қарау байқалса, оларды партиялық жауапкершілікке тарту керек. Болары болып, бояуы сіңгесін әрекет етпей, алдын ала жұмыс істеу қажет.

«Жұмыстың едәуір бөлігін проактивті форматқа көшіруге болады, яғни өтінімдерді талдап, алдын ала жүйелі проблемаларды анықтап, олар жөнінде партия басшылығына немесе Үкіметке дабыл қағуға болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент, сондай-ақ,  партиялардың сайлауалды бағдарламасы мен оның орындалуынан қатысты пікір білдірді.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша Үкімет партияның сайлауалды бағдарламасы индикаторының 74 пайызға орындалғанын айтты. Оның із жүзінде орындалғанына кім кепіл береді? Партияның өмірлік маңыздылығы алдағы уақытта оның сайлауалды уәдесін қаншалықты орындағанымен байланысты екенін түсіну керек. Менің көзімнің жеткені, партия орындалмайтын, мүмкін емес, тау қопаратын уәдені бермеу керек. Дұрысы аз да болса, уәденің орындалуы. Бастысы партияның сайлауалды уәдесі қаншалықты орындалды, соған мән беруіміз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, партия, Үкімет және әкімдіктер алдында халық алдында берілген уәденің қаншалықты орындалғанын тексеру міндеті тұр.

«Үкімет алдында нақты тапсырма тұр. Ал партия берген уәдесін қатаң әрі сапалы орындау қажет. Ол үшін керекті ресурстың бәрі бар», - дейді Президент.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: