Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
3 желтоқсанда Павлодар қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен өткен марапаттау рәсімінде «Жылдың үздік кәіпорны» номинациясында «Жомарт жүрек» сыйлығы «КАТКО» ЖШС-ке тапсырылды.
Қайырымдылық саласындағы «Жомарт жүрек» сыйлығын Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстанда қайырымдылық қызметін дамытуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды іздестіру және көтермелеу, оларға қоғамның назарын аудару мақсатында тағайындаған.
«КАТКО» ЖШС үшін бұл қайырымдылық саласындағы алғашқы марапат емес. Кәсіпорын 2020 жылы Түркістан облысының Созақ ауданы әкімдігі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін тағайындаған «Жомарт жүрек» сыйлығын «Жылдың үздік кәсіпорны» номинациясы бойынша жеңіп алған болатын.
«КАТКО» Созақ ауданының әкімдігімен тығыз қарым-қатынаста және әлеуметтік жобаларды қаржыландыру арқылы жергілікті тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді. Созақ ауданындағы әлеуметтік даму жобаларына (халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, спорт пен білім беруді дамыту) кәсіпорын бөлген қаражаттың жалпы сомасы шамамен 1,8 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар, 2020 жылы пандемия басталған кезде «КАТКО» БК Шымкент қаласы мен Түркістан облысы ауруханалары үшін жалпы сомасы 102 млн теңге болатын 6 жасанды өкпе желдеткішін, Созақ ауданы кенттерінің тұрғындарын қолдауға арналған жеке қорғаныс құралдары мен жедел тестілер сатып алды, сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен құрылған Birgemiz қоғамдық қорына 50 млн теңге аударды. Бұдан бөлек, «КАТКО» қазір Түркістан облысы әкімдігімен бірлескен ірі жоба – Түркістан қаласында 25 бригадаға арналған облыстық жедел жәрдем станциясының құрылысын жүргізуде. Жобаның құны 1,5 млрд теңгені құрайды.
1980
31 декабря 10:11
Новый год в стиле АлЭС: для детей сотрудников провели спектакли и подготовили подарки
3991
14 декабря 17:27
Алмасадам Саткалиев: Своим трудом и интеллектом мы укрепляем Независимость Казахстана
4795
14 декабря 15:36
Лучших железнодорожников Казахстана наградили в преддверии 30-летия Независимости
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
73
10 декабря 11:56
Білікті маман Дастан Жүнісұлының еңбек жолы