Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Алматы электр станциялары» АҚ-да 21 техникалық инспектор еңбек етеді.
«АлЭС» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесі бесінші жыл қатарынан қоғамдық бақылау және жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимылын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Техникалық еңбек инспекторлары бұл жұмысқа белсенді қатысады. Мысалы, Өндірістік кеңес ұйымдастыратын жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау жағдайларын тексеруге қатысу. Бұл техникалық инспекторлардың алдында тұрған міндеттердің бірі ғана.
«Техникалық инспекторларды кәсіподақ белсенділері мен білікті қызметкерлерден таңдайды, – деп бөлісті «АлЭС» кәсіподағы» филиалының төрағасы Серік Тымбасбаев. – Біздің техникалық инспекторлар тұрақты негізде еңбекті қорғаудың мемлекеттік нормативтік талаптарын бұзушылықтарды, өндірістік процестердің, жабдықтардың, құрылғылардың, құралдардың, шикізат пен материалдардың қауіпсіздігін қадағалайды».

Қызметін атқарып жүрген техникалық инспекторлардың біліктілігін арттыру және жаңадан сайланған техникалық инспекторларды оқыту үшін 2022 жылдың сәуір айында «АлЭС» АҚ Қызметкерлерді дайындау бөлімінде оқыту ұйымдастырылды. 16 техникалық инспектор оқытылды. Теориялық оқытуды тәжірибелі оқытушы Татьяна Солодилова жүргізді. Бұрын ол 3-ЖЭО электр станциясының техникалық пайдалану жөніндегі аға инспекторы болып еңбек етті. Емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін техникалық инспекторларға оқудан өткені туралы сертификаттар берілді және АлЭС кәсіподағы техникалық инспектор куәлігін берді.
«АлЭС» АҚ Қызметкерлерді дайындау бөлімінің бастығы Сәбікенова Жанар компанияда техникалық инспекторларды оқыту тұрақты негізде үшінші жыл өтіп жатыр. Әрқашан жаңашылдықтар пайда болады, инспекторлар өздерінің ізденістерімен және тәжірибелерімен бөліседі.

«Мен бірінші рет оқудан өтудемін. Қажетті көп мағлұмат алдым. Оқыту қажет деп санаймын, өйткені алған білімнің техникалық инспекторға күнделікті жұмысында пайдасы өте зор. Мен алған білімімді өндірісте қолданғым келеді. Сабақтар маған қай бағытта қозғалу керектігін анықтауға көмектесті», – деді Даниил Горбовский.
«АлЭС» АҚ-да еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері басымдыққа ие. Техникалық инспекторлар маңызды буындардың бірі.
161
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!