Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының ұжымы әлеуметтік жауапкершілікке әркез назар аударып, қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеді. Қазан – мұқтаж жандарға қолдау көрсететін ай. Осыған орай, қайнарлықтар ерікті түрде жалақылары есебінен қаражат жинап, Қызылқоға ауданындағы тұрмысы төмен, тұрғын үйге мұқтаж бір отбасының баспаналы болуына көмек көрсетті.
Ұжым мүшелерінің ерікті түрде жинаған қаражаттарын мақсатты жұмсау үшін жұмысшылар арасынан комиссия құрылып, олар Мұқыр ауылдық округінің әкімдігімен бірлесе отырып, әлеуметтік қолдауға зәру отбасыларын анықтады. Нәтижесінде, басқарма орналасқан Мұқыр ауылына қарасты Кенбай бекетінің тұрғыны Байбосынов Мақсот 4 бөлмелі баспана кілтіне ие болды.

Мақсот БАЙБОСЫНОВ, Мұқыр ауылына қарасты Кенбай бекетінің тұрғыны, баспана иесі:
– Осы уақытқа дейін тұрып келген үйім ескі болды. Шпал материалынан құрастырылған. Қыста суық болатын тұрғын үйімізге мүмкіндігіміз тартқанша жөндеу жасап келдік. Алайда, жолдасым Каженова Шынар екеуміз де ақылы қоғамдық жұмыстамыз. Бұл-маусымдық жұмыстар ғой, тұрақты емес, ара-кідік тоқтап қалады. Екеуміздің жалақымыз 60 мың теңгенің көлемінде, отбасымыздың айлық табысы 120 мың теңгені құрайды. Отбасымызда кәмелеттік жасқа толмаған 3 баламыз бар. Балалардың үлкені Аңсаған- колледждің 4 курс студенті. Ортаншы ұлымыз Ақниет те колледж студенті. Кенжеміз Аллаберген Доссор кентіндегі мектеп-интернатының 5 сыныбында оқиды. Балаларымыздың оқу бағасы бар, тапқан табысымыз жаңа баспана алуға жетпей келген еді. Міне, қайнарлық мұнайшылардың көмегінің арқасында жылы да, жәйлі баспанаға қол жеткізіп отырмыз. Қуанышымыз шексіз. Жанұямның атынан барша қайнарлық мұнайшыларға алғыс айтамын.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
250
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи