Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Иллюстрациялық сурет: depositphotos.com
«Қайнармұнайгаз» МГӨБ-на қарасты Солтүстік Қотыртас кен алаңында өрт сөндіру және тактикалық әрекет ету бойынша оқу-жаттығу шаралары ұйымдастырылды.
Солтүстік Қотыртас кен алаңындағы №75 ұңғымасында орын алған өрт салдарынан күйік шалған аталған кен орнының зерттеу цехының операторына дәрігерге дейінгі жедел медициналық көмек көрсету жұмысына цех басшылары мен жұмысшылары, басқару аппаратының қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаментінен өртке қарсы қызметі, «Медикер-ӨМ» ЖШС, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС, «Кәсіби Әскерилендірілген Авариялық-Құтқару Қызметтерінің Республикалық Орталық Штабы» ЖШС «Ақ Берен» Атырау филиалының 89 маманы бір кісідей атсалысып, 32 арнаулы техника жұмылдырылды.
Аталған оқу-жаттығу шарасына «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС Батыс филиалы, «Ембімұнайгаз» АҚ өкілдері арнайы қатысты.
«Аталған ұңғымада зерттеу цехының операторы жұмыс жасап жатқан кезде ұңғы ысырмасы жабылмай қалып, мұнай бұрқағы атқылап, соңы өртке ұласады. Зардап шеккен адамға көмек көрсетіледі. Жаттығу белгіленген жоспар бойынша өтті, барлық қызметкерлер біркісідей атсалысқанын ерекше атап өткім келеді. Оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша ұңғыма қасындағы өрт сөндірілді. Істен шыққан ысырма ауыстырылды. Құтқарушылар жедел әрекет етіп, тілсіз жауды ауыздықтап үлгерді, жарақаттанған адамға да дәл уақытында жедел көмек көрсетті», – деді «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің өрт қауіпсіздігі жөніндегі жетекші маманы Бауыржан Бадылбаев.
«Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Қанатбек Қасымғалиев аталған іс-шара пандемия салдарынан болған 2 жылдық үзілістен кейін ұйымдастырылып отырғандығын, мұндай шаралардың апаттық жағдайға дайындықты пысықтау, кемшіліктерді анықтауға септігін тигізетінін жеткізді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
241
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи