Главная Новости Қазақ газ өңдеу зауытындағы өрт жойылды, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ
17 маусым 2021, 07:28 810

Қазақ газ өңдеу зауытындағы өрт жойылды, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Қазақ газ өңдеу зауытындағы өрт жойылды, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Маусымның 16-сы күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 23:15-те Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында орналасқан «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС компрессорлық цехының ауа тоңазытқышында өрт шықты.

Өрттің таралуын және қайта тұтануын болдырмау мақсатында газ беру тоқтатылып, қондырғыны толығымен апаттық тоқтату жүзеге асырылды.

Өрт сағат 23:52-де толықтай жойылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ҚазГӨЗ, «Өзенмұнайгаз» АҚ және облыстық ТЖД 5 өрт сөндіру тобы жұмылдырылды.

Зауыт қызметкерлерінің, Жаңаөзен қаласы мен жақын маңда орналасқан елді мекендер тұрғындарының өмірі мен денсаулығы үшін қауіп жоқ. Өрт салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрттің шығу себептері анықталуда.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың басшылығымен жедел штаб жұмыс істеуде. Жедел штаб құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді.

Кейін белгілі болғандай, өрт кезінде химиялық заттардың ағып кетуі орын алмаған.

«Кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 22.15-те компрессорлық цехте ауа тоңазытқышының тұтануы орын алды. Біз дереу отты ауыздықтау және сөндіру бойынша шаралар қабылдадық. Газ қабылдау тоқтатылып, зауытты толығымен апаттық тоқтату жүзеге асырылды. Отты сөндіруге жеке өрт сөндіру топтары мен ТЖД күштері жұмылдырылды. Сағат 22.52-де өрт толығымен жойылды. Ең бастысы қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ», – деді «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры Нақберген Төлепов.

Оның айтуынша, сағат 23.30-да мамандар кәсіпорынды шектеулі режимде іске қосуға кірісті. Қазір зауыттың жүктемесі шамамен 30 пайызды құрап отыр. Кәсіпорынды толық қуатына шығару үшін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, Нақберген Төлепов өрттің салдарынан тек ауа тоңазытқышының көтергіш конструкциясы ғана бүлінгенін атап өтті. Негізгі жабдыққа зиян келмеген. Бұған қоса, ол оқиға кезінеде химиялық заттардың ағып кетуі туралы әлеуметтік желілерде тарап жатқан қауесетті жоққа шығарды. Алаңдауға негіз жоқ екенін баса айтты.

«Бұл жабдық шикі газды ауа-су әдісі арқылы салқындату үшін қолданылады. Бұл жабдықта қандай да бір химиялық заттар пайдаланылмайды. Сондықтан жұмыскерлер және тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіптің жоқ екенін сеніммен айта аламын», – деді Нақберген Төлепов.

Оның пікірінше, зауыттың қызметі жақын арада толығымен қалпына келтірілетін болады және сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету бойынша аутқулар орын алады деп күтілмейді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: