Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықаралық пошта жөнелтілімдерінің көлемі артады. Бұл туралы бүгін Ташкент қаласындағы кездесу барысында «Қазпошта» АҚ Басқармасы төрағасы Қанат Алпысбаев және «Узбекистон почтаси» АҚ бас директоры Алишер Файзуллаев өзара келісті.
Қос мемлекеттің ұлттық пошта қызметтері басшылары е-commerce саласын дамыту жолында халықаралық пошта алмасуды күшейтуге бағытталған құжатқа қол қойды. Қол жеткен келісім қазақстандық кәсіпкерлерге өткізу нарығын кеңейтуге және өздерінің тауарларын Өзбекстанға жеткізуді оң жолға қоюға мүмкіндік береді.
«Қазпошта» АҚ Өзбекстанның пошта қызметімен әріптестік аясын кеңейтіп отыр. Бұл нарықтың барлық қатысушыларына тиімді: өзбекстандық тұтынушылар біздің тауарларға қол жеткізсе, қазақстандық компаниялар электрондық сауда арқасында өткізу нарығын кеңейтеді. «Қазпошта» АҚ отандық кәсіпкерлерге көршілес мемлекетке тауардың ауқымды көлемін қысқа мерзімде жеткізуге қолдау көрсетеді. Осылайша Қазпошта бизнес-қауымдастық үшін сенімді серіктеске айналды және электрондық сауданы дамытуға қолғабыс етуде», - деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев.
Биылғы 1 мамырдан бастап қос мемлекеттің пошта қызметтері пошта алмасу жиілігін аптасына 5 ретке дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бүгінде пошта жөнелтілімдері Қазақстаннан Өзбекстанға аптасына 3 рет әуе көлігімен және 2 рет жер үсті көлігімен жеткізіледі.
Өткен жылы Қазақстаннан Өзбекстанға 23 мыңға жуық сәлемдеме, хат және EMS жөнелтілімдер жеткізілген. Ал көрші мемлекеттен елімізге жол тартқан пошта алмасу көлемі 15 мыңнан артқан. Сонымен бірге біздің еліміз арқылы Қытайдан Өзбекстанға 300 мың кг жуық халықаралық пошта жөнелтілімдері жеткізілген.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
167
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете