Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржолмен жүк тасымалдау 2022 жылы тарихи максимумнан асып, 23 млн тоннадан астамды құрады, деп хабарлады Rail-news.kz.
2021 жылмен салыстырғанда 15%-ке көп. Бұл ретте қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық жөнелтілімдері: темір кені (+17%), түсті кен (+45%), қара металдар (+6%), контейнерлердегі астық жүктері (+70%) және басқа да жүктер (+83%) өнімдерін тасымалдаудың өсуі есебінен 17%-ке ұлғайды.
Жоғары көрсеткіштерге екі ел теміржолшыларының үйлесімді жұмысы есебінен қол жеткізілді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Қытай темір жол әкімшіліктері бірлесіп пойыздарды кедергісіз қабылдау-беруді, өткелдердің қуатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізді. Алматы жүк тасымалдау бөлімшесінің, Достық және Алтынкөл станцияларының теміржолшылары жүктерді қабылдау-тапсыру бойынша жұмысты нақты және уақтылы ұйымдастыра алатындығын көрсетті.
Қытай бағытында жүктерді тасымалдауға сұраныстың артуын ескере отырып, теміржол инфрақұрылымын жедел дамыту бойынша шаралар қабылдануда.
Отандық өнімді үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету және елдің транзиттік әлеуетін дамыту үшін өткен жылдың қараша айында Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдардың құрылысы басталды. Жобаны іске асырғаннан кейін учаскенің өткізу қабілеті 5 есеге (жүк пойыздарының 12 жұбынан тәулігіне 60 жұпқа дейін) артады. Қазіргі уақытта Аягөз-Бақты үшінші теміржол шекара өткелін салу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде.
Осы ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру Қазақстан экономикасының дамуына серпін береді және елдер арасындағы жүк ағынын арттыруға қызмет етеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
120
22 апреля 12:27
Түркістан әуежайына арналған мұнай базасын «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы салады
123
21 апреля 16:30
Қарағандылық теміржолшы әлемдік ареналарға жол тартты