Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстан 2030 жылға қарай контейнерлік жүк тасымалын 10 млн тоннаға жеткізбек. Бұл туралы Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақбаров айтты.
«Қазақстан-Нидерланды іскерлік кеңесі елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды платформа саналады. Біздің серіктестік қарым-қатынасымыз дамып келе жатыр. Бұл іс-шара ынтымақтастықтың маңыздылығын растап қана қоймай, сонымен қатар Транскаспий халықаралық дәлізін ең қысқа мерзімде жеткізетін заманауи мультимодальды және тиімді бағытқа айналдыруға ортақ ұстанымымызды көрсетеді», - деді ол елордада өткен Қазақстан-Нидерланды бірінші іскерлік кеңесінде.
Оның атап өтуінше, осы жылдың 8 айында Орта дәліз арқылы жүк тасымалдау көлемі 69 пайызға артты.
«Қытай-Еуропа-Қытай бағытында контейнерлік тасымалдың өсуін ерекше атап өткім келеді. Ол 20 мың ЖФЭ-ге (жиырма футтық эквивалент) жетіп, 20 есе ұлғайды. Сонымен қатар, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы аясында контейнерлік пойыздардың санын жылына 600 бірлікке дейін арттыру туралы келісімге қол жеткізілді. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті жылына 10 млн тоннаға, оның ішінде 500 мың контейнерге жеткізу жоспарланып отыр. Қазақстан транзиттік бағыттардың негізгі элементі саналады және біз жаһандық логистикадағы рөлімізді арттыруға ниеттіміз. Ол үшін көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл тауарды тезірек жеткізуге, инвестиция ағынын қамтамасыз етуге және аймақтағы сауданы ынталандыруға мүмкіндік береді», - деді Мақсат Қалиақбаров.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
73
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
81
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы