Главная Новости Қазақстан бойынша 73,5 млн тонна тас көмір теміржол көлігімен тасымалданды
13 мамыр 2024, 17:37 1034

Қазақстан бойынша 73,5 млн тонна тас көмір теміржол көлігімен тасымалданды

Қазақстан бойынша 73,5 млн тонна тас көмір теміржол көлігімен тасымалданды

2023 жылғы мамырдан бастап 2024 жылғы 30 сәуірге дейін Қазақстан бойынша шамамен 73,5 млн тонна тас көмір теміржол көлігімен тасымалданды, бұл алдыңғы жылыту кезеңінің тасымалдау деңгейіне сәйкес келеді. 

Тұтынушылар үшін ҚТЖ желісі бойынша 7,7 млн тоннадан астам жеткізілді. Еліміздің жылу электр орталықтарына 65,8 млн тоннадан астамы жеткізілді - бұл өткен жылыту маусымындағыдан миллионға артық. 5 жылда алғаш рет ЖЭО-дағы көмір қоры рекордтық көлемге - 5,5 млн тоннаға жетті.  

Орталық аппарат пен аумақтық бөлімшелердің 60 астам қызметкері жұмылдырылған ҚТЖ жедел штабы көмір тасымалдауды үйлестіреді.  

Штаб Қазақстанның барлық облыстарына көмір разрездерінен көмірді жөнелтудің тәулік бойы мониторингін жүргізеді. Бұл үшін ҚТЖ-да көмірді жеткізуді онлайн режимде бақылаудың интерактивті жүйесі әзірленді.  Штаб жедел режимде реттеу шешімдерін қабылдайды және бос вагондарды жіберу мен тиеуді шұғыл және орта мерзімді жоспарлауды қамтамасыз етеді.  

2023-2024 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде көмір тасымалдау үшін "Қазтеміртранс" АҚ вагон паркінің 20 мыңға жуық жартылай вагоны жұмылдырылды, оның ішінде 10,4 мыңнан астам вагоны жылу электр орталықтары үшін, 9,5 мыңы халық үшін көмір жеткізді.

Теміржолшылар 2024-2025 жылдардағы жылу маусымына белсенді дайындалуға шақырады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: