Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Фото: ҚР энергетика министрлігі
Хьюстон (АҚШ), 2025 жылғы 12 наурыз – Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің қатысуымен қазақстандық делегация Chevron, ExxonMobil, Shell, Eni және Honeywell сияқты әлемдегі ірі энергетикалық компаниялардың басшылығымен бірқатар стратегиялық маңызды кездесулер өткізді.
Келіссөздердің негізгі тақырыбы – Қазақстандағы ағымдағы жобалар және ұзақ мерзімді әріптестіктің перспективалары. Басым мәселелер қатарында көмірсутектер өндіру көлемін өзектендіру, газ өңдеу қуаттарын дамыту қарқынын жеделдету, геологиялық барлауға инвестиция тарту, озық технологияларды енгізу және жаңартылатын энергия көздерін дамыту болды.
Chevron Corporation директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен және Exxon Mobil Corporation аға вице-президенті Джон Уиланмен кездесуде Теңіз және Қашаған жобаларының негізгі аспектілері, оның ішінде болашақ кеңейту жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ мұнай өндіру көлемін реттеу жоспарлары, нарықты тұрақтандыруға бағытталған жаһандық күш-жігер және Қазақстанның халықаралық міндеттемелері қаралды. Министр жобаларды белгіленген мерзімде аяқтау мен шығындарды оңтайландыру қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар, компаниялардың жаңа геологиялық барлау бастамаларына қатысу перспективалары талқыланды.

Shell бас атқарушы директоры Уаэль Сауанмен және Eni S.p.A бас операциялық директоры Гвидо Брускоменөткен кездесулерде газ стратегиясы басты назарда болды. Қазақстанның ішкі нарығын қамтамасыз ету және сұйытылған көмірсутек газын өндіру мақсатында жылдық қуаты 4 млрд текше метрге дейін жететін жаңа газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) салу жобасы қарастырылды. Shell компаниясымен геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері мен жаңартылатын энергетика жобаларын іске асыру талқыланды. Ал Eni Маңғыстау облысында қуаты 120 МВт болатын гибридті жел-күн электр станциясын салу барысын таныстырды.
Сапар аясында Қазақстан делегациясы Хьюстон қаласындағы Honeywell технологиялық орталығына барып, компания басшылығымен келіссөздер жүргізді. Тараптар ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.
«Қазақстан энергетика секторына озық технологиялар мен инвестиция тарту үшін барлық жағдайды жасап отыр. Біз саладағы әлемдік көшбасшылармен ұзақ мерзімді өзара тиімді әріптестік орнатуға мүдделіміз және еліміздің тұрақты дамуы мен жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететін ауқымды жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз», – деді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев кездесулер қорытындысы бойынша.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
99
21 января 15:03
Еңбекпен келген жол: Әлібек Жолдасбектің кәсіби жолы