Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Мемлекет басшысының еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның толыққанды трансұлттық мультимодальды компания ретінде қалыптасуына бағытталған жобалар жүзеге асырылуда.
Бұл туралы Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда Шанхайдан Роттердамға теңіз арқылы жүк жеткізуге Суэц каналы ашық болған жағдайда шамамен 60 күн қажет. Ал Қазақстан арқылы жүк жеткізу мерзімі 16 күннен аспайды.
«Жалпы "Қытай – Еуропалық Одақ – Қытай" бағыты бойынша еліміздің аумағы арқылы жүк ағынының 85%-ы өтеді», – деп атап өтті Нұрлан Жақыпов.
Транзитті арттыру мақсатында сыртқы және ішкі инфрақұрылымдардың құрылысы жүруде. Соның ішінде халықаралық терминалдар желісі салынуда. Қытайдың Ляньюньган және Сиань порттарында қолданыстағы терминалдарға енді Чэнду қаласындағы қуат көздерін қосу жоспарланған. Одан бөлек Ресей (Селятино ст.), Беларусь (Свислочь ст.), Әзербайжан (Алят порты), Мажарстан (Будапешт қ.) елдерінде жобалар жүзеге асырылып жатыр. Болашақта Грузия, Румыния және Болғария порттарын қамтып кету жоспарда бар.
«Осылардың бәріне қосымша, транзиттік жүк ағынын ұлғайту мақсатында Қытаймен үшінші шекаралық өткел – "Бақты-Аягөз" теміржол желісінің құрылысы басталды. Теңіз тасымалы қызметтерін кеңейту мақсатында контейнер таситын кемелер сатып алынады. Сондай-ақ Каспий теңізі порт айлағының түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Әуемен жеткізу қызметі де дамуда. Мысалы, жүк тасымалдайтын авиакомпания ашу көзделген», – деп атап өтті Нұрлан Жақыпов.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
65
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
71
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы