Главная Новости Қазақстан Иранмен көлік-логистиканы дамытады
23 мамыр 2022, 16:25 885

Қазақстан Иранмен көлік-логистиканы дамытады

Қазақстан Иранмен көлік-логистиканы дамытады

ҚР премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бастаған қазақстандық делегация Иран Ислам республикасының басшылығымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және екі ел арасындағы транзиттік әлеуетті жандандыру мәселелері бойынша келіссөз жүргізді.

Сауда, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, мұнай, көлік және қалалық даму министрліктерінде, сондай-ақ темір жол әкімшілігінің, Ұлттық банктің, ұлттық мұнай компаниясының басшылығымен, Сауда-өнеркәсіп палатасының және елдің кейбір провинцияларының өкілдерімен кездесулер өтті.

ИИР-дің бірінші Вице-президенті Мохаммад Мохбермен келіссөз барысында қазақстандық тарап Иран аумағы арқылы «Солтүстік-Оңтүстік» бағыты бойынша, кейіннен Парсы шығанағы, Африка, Оңтүстік Азия елдеріне және басқа да өңірлерге, оның ішінде мультимодальдық жүк тасымалдарын пайдалана отырып, жүктерді тасымалдауды ұлғайтуға мүдделілігін растады. Қазақстан-Иран көлік ынтымақтастығын кеңейтудің маңыздылығы туралы айта келе, Иран тарапы көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келіссөздердің жемісті сипатын атап өтті. ИИР бірінші Вице-президенті Мохаммад Мохбер осы мақсаттарға қол жеткізу Иран мен Қазақстанды маңызды өңірлік хабқа айналдыра алатынын атап өтті.

Екі тарап та соңғы жылдары тауар айналымы өсімінің жақсы серпіні байқалып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар Иранмен саудадағы қазіргі халықаралық шектеулер кезінде де әлеует елеулі болып қалуда. Мысалы, тамақ өнеркәсібінде Қазақстан астық, кондитерлік және ұн өнімдерінің, ет және ет өнімдерінің, сондай-ақ жануарлардан алынатын басқа да өнімдердің экспортын ұлғайтуға дайын. Бұл ретте, Қазақстанда Иран жеміс-көкөніс өніміне сұраныс бар.

Келіссөздер барысында тараптар өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелерін де талқылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды, мысалы, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жобаларды іске асыру үшін үлкен мүмкіндіктер бар екені атап өтілді.

Ирандық инвесторлардың қатысуымен Қазақстан аумағында ет комбинатын салу, майлы дақылдарды қайта өңдеу және астық жинау комбайндарын құрастыру және тағы басқа жобалар табысты іске асырылды.

Иран тарапы сауда миссияларымен, өнім көрмелерімен және жетістіктермен алмасу екі елдің жеке секторы мен кәсіпкерлері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: