Главная Новости Қазақстан қай елдерге мұнай-газ химия өнімдерін экспорттайды
26 сәуір 2024, 11:25 523

Қазақстан қай елдерге мұнай-газ химия өнімдерін экспорттайды

Қазақстан қай елдерге мұнай-газ химия өнімдерін экспорттайды

2023 жылдың қорытындысында елімізде 306 мың тонна мұнай-газ химия өнімдері өндірілді. Бұл туралы Энергетика министрлігінен мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

«Бүгінгі таңда көмірсутек шикізатынан келесі мұнай-газ химия өнімдері өндіріледі: бензол, параксилол, полипропилен, метил-трет-бутил эфирі және басқалары 2023 жылы мұнай-газ химия өнімдерінің жиынтық өндірісі 306 мың тоннаны құрады. Оның ішінде экспортқа 227 мың тоннасы жіберілді және бұл көрсеткіш 2021 жылмен (87 мың тонна) салыстырғанда 2,6 есеге өсім көрсетті», - деп атап өтті министрліктен агенттік тілшісінің сауалына орай.

Ведомство ұсынған дерекке сәйкес, мына елдерге мұнай-газ химия өнімдері экспортқа шығарылған.

  • полипропилен: Қытай – 94,5 мың тонна, Ресей – 44,9 мың тонна, Еуропа – 30 мың тонна, Түркия – 14,1 мың тонна.
  • бензол: Қытай – 25,3 мың тонна.
  • параксилол: Қытай – 18,2 мың тонна.
Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: