Главная Новости Қазақстан колледждерінде АЭС бойынша мамандар даярлана бастайды
18 февраля 2025, 11:30 1646

Қазақстан колледждерінде АЭС бойынша мамандар даярлана бастайды

Қазақстан колледждерінде АЭС бойынша мамандар даярлана бастайды

Қазақстан колледждері атом энергетикасы, дрон құрастыру бойынша мамандар даярлай бастайды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

 

«Атом энергетикасы мамандарын дайындауда Венгрия тәжірибесін енгізу, сондай-ақ IT және дрондарды құрастыру саласында Қытай тәжірибесін қолдану жоспарланып отыр», – деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

 

Министрліктің мәліметінше, 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледждердегі жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі екі есе артады. Қазіргі уақытта 518 кәсіпорын колледждерге қамқорлық көрсетіп отыр, ал болашақта олардың санын 4 мыңға дейін жеткізу көзделуде.

 

Сонымен қатар, Астанада техникалық және кәсіптік білім беру студенттерін қолдау және дамыту мақсатында Ұлттық құзыреттілік орталығы құрылатыны атап өтілді,-деп хабарлайды Dalanews.kz

АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: