Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ұзындығы 836 шақырым болатын «Достық-Мойынты» теміржол учаскесін жаңғырту жобасының салтанатты басталу рәсімі болып өтті. Іс-шараға «Самұрық-Қазына», «Қазақстан темір жолы» басшылығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары және Балқаш қаласының әкімі қатысты.
«Достық» станциясы Алматы облысында Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан, ал «Мойынты» – Қарағанды облысында Астанадан Алматы мен Шымкентке дейінгі теміржолдағы станция.
«Достық-Мойынты» учаскесі бір жолды, 100% жүктелген және өткізу қабілеттілігі резервтері жоқ. Екінші жолдарды салу өткізу қабілетін 5 есеге арттыруға және контейнерлік пойыздардың жылдамдығын тәулігіне 834-тен 1500 шақырымға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Достық-Мойынты» учаскесі жаһандық ауқымда алғанда Еуропадан Қытайға тасымалдайтын транзиттік теміржол дәлізінің маңызды бөлігі болып табылады. 2016-2020 жылдары Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдау көлемі 5 есеге өсті. Дәлізді кеңейту қазақстандық өнімнің үздіксіз экспортын қамтамасыз етуге және елдің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Анықтама үшін: Жобаның құны – 543 млрд теңге. Жұмыстың жоспарланған аяқталу мерзімі – 2025 жылдың соңы. Құрылыс барысында 3700-ден астам адам жұмылдырылады, желіні тапсырғаннан кейін 500 тұрақты жұмыс орны ашылады. Құрылыс кезінде қазақстандық өндіріс материалдары пайдаланылатын болады, отандық өндіріс тауарларының үлесі 85%-ды құрайды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
163
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»