Главная Новости Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты ️
15 октября 2026, 20:59 42

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты ️

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты ️

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Каспий теңізінің түбімен екі елді байланыстыратын Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) іске қосу рәсіміне қатысты. Мемлекет басшыларына Ақтау мен Сумгайыт қалаларының арасындағы суасты желісінің құрылысы аяқталғаны және пайдалануға дайын екені туралы баяндалды.

ТОБЖ ұзындығы - 380 шақырым, ал жобалық өткізу қабілеті - секундына кемінде 400 Тбит. Суасты кабелін төсеу жұмыстары 2026 жылы 5 тамызда аяқталған.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Әзербайжанда қажетті жағалау инфрақұрылымы дайындалды. Жобаны қазақстандық «Қазақтелеком» АҚ мен әзербайжандық AzerTelecom компаниясы бірлесіп құрған CaspiLink кәсіпорны жүзеге асырды.

Жаңа байланыс желісі Азия мен Еуропа арасындағы деректерді беру мүмкіндіктерін кеңейтетін халықаралық цифрлық инфрақұрылымның бір бөлігіне айналады. Ол деректерді берудің халықаралық бағыттарымен бірігу және Қара және Жерорта теңіздеріндегі суасты кабельдік жүйелеріне қосылу үшін қосымша мүмкіндік береді.

Қазақстан үшін жобаның цифрлық экономиканы дамытудағы стратегиялық маңызы зор. Транскаспий ТОБЖ еліміздің халықаралық цифрлық байланысын нығайтады. Соның ішінде, Екібастұзда құрылып жатқан «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» дамытуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, халықаралық технологиялық компанияларды тартуға, бұлтты сервистер мен жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: