Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуропалық Одақтың ҚР-дағы өкілдігінің елшісі Кестутис Янкаускас пен ЕО елдерінің дипломатиялық миссиялары басшыларының қатысуымен «Қазақстан – Еуроодақ» диалогтық платформасының 15-ші отырысы өтті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі ретінде Еуропалық Одақтың үлесіне тартылған инвестицияның 40%-дан астамы және сыртқы сауданың шамамен 30%-ы тиесілі. Диалог платформасының отырысында сауда-экономикалық, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту әрі нығайту, көлік және логистика саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) аса перспективалы бағыттардың бірі ретінде дамыту жоспары талқыланды.
Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік хаб ретінде саналатын Қазақстан арқылы тауарлардың 85%-ға жуығы Қытайдан ЕО елдеріне тасымалданады. ТХКБ сауда ағыны үшін барынша ыңғайлы жағдай жасай отырып, бәсекеге аса қабілетті жеткізу мерзімін (12-15 күн) ұсынады.
Кездесуге қатысушылар Орта дәліздің әлеуетін арттыруға қызығушылығын білдірді. «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында «Middle Corridor Multimodal» бірлескен кәсіпорны құрылды. Көлік саласына инвестиция тартудың жаңа перспективаларын ашатын «Global Gateway» еуропалық бастамасының маңызды рөлі де атап өтілді.
«ЕО – Қазақстанның ірі әрі аса маңызды инвестициялық және сауда серіктесі. Біз барлық басым бағыттар бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеміз. Үкімет елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы үлестеріңіз бен қызығушылықтарыңызды жоғары бағалайды. Біз өзара тиімді серіктестікті арттыруға бағытталған ұсыныстарды әрқашан да қолдаймыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
ЕО-ның Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас пен Румынияның ҚР-дағы елшісі Мадалина Лупу өз кезегінде Қазақстанда бизнес ахуалды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді. Сондай-ақ дипломатиялық миссия басшылары ел экономикасының еуропалық бизнес үшін тұрақтылығы мен тартымдылығын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша кездесуге қатысушылар стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге шығара отырып, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мен нығайту ниетін растады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
143
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»