Главная Новости Қазақстан мен Эстонияның пошта қызметтері электрондық коммерцияны бірлесіп дамытады
16 маусым 2023, 14:56 865

Қазақстан мен Эстонияның пошта қызметтері электрондық коммерцияны бірлесіп дамытады

Қазақстан мен Эстонияның пошта қызметтері электрондық коммерцияны бірлесіп дамытады

«Қазпошта» АҚ және «Eesti Post As (Omniva)» – Эстонияның ұлттық пошта операторы электрондық коммерция мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар Қазақстанның транзиттік әлеуетінің, Қазпоштаның операциялық коммерциялық тәжірибесінің, жаһандық клиенттер мен серіктестерге, Еуропалық Одақ елдері мен АҚШ-тағы Omniva-ға жеткізу және қабылдау орталықтарына қолжетімділіктің арқасында маркетплейстерден сәлемдемелерді қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етуге ниетті.

Ынтымақтастық Қазпоштаның стратегиялық бизнес бағыты ретінде электрондық коммерцияға деген қызығушылығының артуына және сәлемдемелерді сақтау мен сұрыптаудың тораптық нүктелерінде трансшекаралық операциялар үшін Omniva-ның технологияларын пайдалануға бағдарланған. Қазпошта мен Omniva Орталық Азия мен Еуропадағы электрондық коммерция нарығындағы болашақ жетекші өңірлік ойыншылар ретінде стратегиялық ынтымақтастыққа ұмтылады.

Әсел Жанасова, «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы: «Қазпоштаның электрондық коммерцияны дамыту үшін жеткілікті дамыған экожүйесі бар – олар бонд қоймасы, ел бойынша 208 сәлемдемелер супермаркеттері, 3500-ден астам курьер, виртуалды мекенжай сервисі, жеке мобильді қосымшасы. Сонымен қатар Қазпоштаның экономикалық уәкілетті операторының мәртебесі кедендік тазарту кезінде уақыт пен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал мұның бәрі жеткізу уақытын қысқартады. Жеткізу тізбегіндегі соңғы мильдің рөлін түсіну арқылы біз халықаралық серіктестермен ынтымақтастыққа ерекше назар аударамыз. Сондықтан бізге Эстонияның пошта қызметімен және оның көлік-логистикалық ресурстарымен ынтымақтастықта болу өте маңызды».

Март Мяги, Omniva бас директоры: «Omniva тарихы — бұл бұрынғы кеңестік елден жетекші әлемдік елге және технологиялар мен электрондық коммерция компаниясына сәтті трансформацияланудың үлгісі. Біз Орталық Азиядан да дәл осындай әлеуетті көріп отырмыз және Қазпоштамен стратегиялық ынтымақтастықта біз бүкіл Орталық Азияда өзгерістерге қол жеткізе аламыз деп сенеміз. Осы серіктестіктің арқасында Қазақстан мен Орталық Азиядағы адамдар бүкіл әлем бойынша электрондық коммерцияның жетекші платформаларына кеңірек қол жеткізе алады».

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: