Главная Новости Қазақстан мен Франция энергетика саласындағы әріптестікті нығайтады
10 июля 2026, 10:07 30

Қазақстан мен Франция энергетика саласындағы әріптестікті нығайтады

Қазақстан мен Франция энергетика саласындағы әріптестікті нығайтады

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиогемен кездесу өткізді. Кездесуге сондай-ақ Францияның даму агенттігінің (AFD) және Франция елшілігінің өкілдері қатысты. ️

Тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылап, гидроэнергетиканы, жаңартылатын энергия көздерін және энергияны жинақтаудың заманауи жүйелерін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Басым бағыттардың қатарында EDF, Carpi Tech, Hydroplus, Voltalia және TotalEnergies француз компанияларымен ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Францияның даму агенттігінің перспективалы жобаларды қаржыландыруға қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.

Кездесу барысында Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын «Мирный» жел электр станциясын салу бойынша TotalEnergies компаниясымен бірлескен жобаны іске асыру барысына да назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті нығайтуға және белгіленген бағыттар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Францияның даму агенттігі (AFD) — халықаралық даму саласындағы Францияның мемлекеттік саясатын іске асыратын мемлекеттік қаржы институты. Агенттік әлемнің 150-ден астам елінде тұрақты энергетика, инфрақұрылым және климатты қорғау салаларындағы жобаларды қаржыландыруға қолдау көрсетеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: