Главная Новости Қазақстан мен Жапония Атырау мұнай өңдеу зауытында төмен көміртекті жобаларды дамытуға дайын
13 маусым 2024, 17:36 659

Қазақстан мен Жапония Атырау мұнай өңдеу зауытында төмен көміртекті жобаларды дамытуға дайын

Қазақстан мен Жапония Атырау мұнай өңдеу зауытында төмен көміртекті жобаларды дамытуға дайын

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов жапондық Marubeni Corporation (Марубени) компаниясының басшылығымен кездесті.

Тараптар былтыр күзде Қазақстан мен Жапония арасында қабылданған мемлекетаралық келісімді іске асыру аясында Атырау мұнай өңдеу зауытында төмен көміртекті жобаларды дамыту мәселесін қарастырды. Атап айтқанда, ҚМГ мен Марубени Атырау мұнай өңдеу зауытының ЭЛОУ-АТ-2, ЭЛОУ-АВТ-3 технологиялық қондырғыларының және каталитикалық крекинг қондырғысының жұмысын экологиялық оңтайландыру жөніндегі жобаны іске асыру мүмкіндігін зерттеу қорытындыны күтуде. Зерттеуді жапондық Yokogawa Corporation (Йокогава) инжиниринг компаниясы жүргізіп жатыр.

Атырау мұнай өңдеу зауытында декарбонизациялау және CO₂ шығарындысын азайту бойынша озық шешімдерді енгізу бірлескен кредит алу тетігі (JCM, Joint Crediting Mechanism) арқылы көзделеді. Нәтиже оң болған жағдайда, бұл тәжірибені Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарына тарату жоспарда бар.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: