Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстан мен Катар арасында авиарейстер саны артады, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім еткендей, 26-27 шілде күндері Қазақстан мен Катардың авиациялық билігі арасында екі ел тасымалдаушыларының қатысуымен келіссөздер өтті.
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және тұрақты халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.
Нәтижесінде рейстерді орындау бойынша өзара түсіністік меморандумына қол қойылды:
Осылайша, рұқсат етілген жиіліктер саны аптасына 21-ден 38 рейске дейін артпақ.
Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде «Qatar Airways» әуе компаниясы биылғы жыл соңына дейін «Алматы – Доха бағыты» бойынша орындалатын рейстер санын күніне 2 ретке дейін (аптасына 7-ден 14 рейске дейін) ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ 2024 жылдың ортасында аталған авиакомпания «Астана – Доха» бағытын ашуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанға «Qatar Airways»-тің кең фюзеляжды «Боинг-787 Дримлайнер» үлгісіндегі әуе кемелері қатынайды. Келіссөз барысында әуе компаниясы Қазақстан Республикасына аталған үлгідегі кемелерді пайдалануды арттыратынын хабарлады.
Атап өтілгендей, екі ел арасында рейстер санын арттыру туризм, мәдениет, инвестиция және іскерлік ынтымақтастық бағыттарын дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
123
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»