Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бейнеконференцбайланыс режимінде Теміржолдар ынтымақтастығы ұйымы Жүк тасымалы жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы басталды, деп хабарлайды SKnews.kz "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күн тәртібінде: өткен жылғы тасымалдау көлемін орындау қорытындыларын шығару және 2021 жылға арналған экспорттық, импорттық және транзиттік жүктерді тасымалдау көлемдерін тоқсан, жүк түрлері және әрбір шекара өткелі бойынша бөле отырып келісу. Пленарлық отырыстардың негізгі тақырыптары – жүк айналымының жоспарланған көлемін орындау бойынша техникалық және ұйымдастыру іс-шараларын әзірлеу.
Кеңес жұмысына Қазақстан, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Вьетнам Социалистік Республикасы, Корей Халық Демократиялық Республикасы және Моңғолия теміржол әкімшіліктерінің өкілдері қатысуда.
Кеңестің бірінші күні 2020 жылдың қорытындысы бойынша ҚХР-дан Қазақстанға теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 2019 жылдың деңгейіне қарағанда 13% өскендігі және 7,6 млн тоннаны құрағаны атап өтілді. Кері бағытта өткен жылдың көрсеткішіне қарағанда 30% артып, 14 млн тоннаға жеткен.
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов өзінің құттықтау сөзінде талқылау үшін басты тақырып ҚХР-мен шекарада жүктерді өткізу, тасымалдау процесіне қатысушылардың халықаралық келісімдер нормаларын орындауының мәселелері болатынын атап өтті.
Өткен жылдың қараша айынан бастап ҚХР тарапынан карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты Қытай соның ішінде дәнді дақылдар да бар жабық вагондарды қабылдамайды. Ресейде де осындай жағдай қалыптасты.
Комиссия өз жұмысын 19 наурызда аяқтайды. Келіссөздердің қорытындысы ТЖЫҰ комиссиясы кеңесінің хаттамасына қол қоюмен аяқталады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
68
19 декабря 12:35
Асылбек Найманов: вклад в работу ТОО «Karabatan Utility Solutions»