Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бейнеконференция форматында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС және «Үрімші темір жолы» ЖШҚ өкілдерінің Қазақстан мен Қытайдың шекаралық теміржол өткелдері арқылы пойыздарды кедергісіз қабылдау/беруді қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесуі өтті.
Қазақстандық делегацияны Бас директордың маркетинг және жоспарлау жөніндегі орынбасары Нұржан Келбұғанов, Қытай делегациясын халықаралық тасымалдау департаменті бастығының орынбасары Бай Лу басқарды. Келіссөздер ірі қазақстандық және қытайлық жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардың қатысуымен өтті.
Тараптар екі ел теміржолшыларының бірлескен күш - жігері мен үйлесімді жұмысының арқасында ағымдағы жылдың 10 айында тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22% өсіп, рекордтық көрсеткішке – 23,6 млн тоннаға жеткенін атап өтті. Оның ішінде, ҚР-дан ҚХР-ға 14,5 млн тонна берілді, өсім 32%, кері – 9,1 млн тонна (+8%).
2023 жылға арналған Темір жол ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ) кеңесінде келісілген 26,1 млн тонна мөлшеріндегі жоспар желтоқсан айының басында мерзімінен бұрын орындалады деп күтілуде. Жалпы, тасымалдау көлемінің жылдық орындалуы 26,8 млн тонна деңгейінде болжанады.
2024 жылға тасымалдау көлемі 27,8 млн тонна жүк деңгейінде жоспарланған, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1 млн тоннаға артық.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
119
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»