Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Астанада 3 қыркүйекте «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Конго Республикасы Президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық келіссөздер жөніндегі жеке өкілі Франсуаза Жоли және Конго Ұлттық мұнай компаниясының ((SNPC) бас директоры Майксент Омингамен кездесті.
Нәтижелі болған кездесу барысында тараптар геологиялық барлау және кен орындарын игеру саласындағы ғылыми-инженерлік және бенчмаркингтік тәжірибемен алмасу мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС (кен орындарына сараптау жасаумен және жаңа технологияларды енгізумен айналысатын ҚМГ тобындағы ғылыми-техникалық орталық) сарапшылары Конго кен орындарының сипаттамаларын зерделеу және кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемелерін (ТЭН) жүргізу бойынша қызметтерін ұсынды. Сондай-ақ, өнеркәсіптік желі саласындағы ынтымақтастық перспективалары және мұнай-газ саласы мен мұнай өңдеу зауыттарына қажетті жабдықтар жеткізушілерді таңдаудың үздік тәжірибелері қарастырылды.

Мұнай-газ химиясы жобаларына халықаралық ірі инвестициялар әкелу үшін тартымды жағдайлар жасау бойынша ықтимал тәжірибе алмасу және ынтымақтастық тақырыптары талқыланды.
4 тамызда Қазақстан мен Конго мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғанын естеріңізге сала кетейік. Конго, Total Energies, Chevron и Eni сияқты халықаралық компаниялармен белсенді жұмыс істейтін Африканың мұнай-газ секторындағы үшінші ірі ойыншысы.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
134
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»