Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2019 жылдың қорытындысы бойынша ҚР мен ҚХР арасында теміржол көлігінде жоспардан 1 миллион тоннаға артық жүк тасымалданып, 16 млн тоннаны құрамақ. Осылайша келісілген меже биік деңгейде орындалады деп хабарлайды "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Бұл ретте Қазақстаннан Қытайға 10 млн тонна жүк жолданса, Қытайдан Қазақстанға 6 млн тонна жүк жіберілу үстінде.
Сондай-ақ "ҚТЖ" ҰК" АҚ және "Қытай темір жолдары" корпорациясы "Достық - Алашаңқай" шекаралық өткелі бойынша өткізілетін пойыздар санын рекордтық арттыру туралы уағдаласып отыр. Енді Алашаңқай станциясы кең табанды жол бойынша тәулігіне 14 пойыз қабылдаса, ал Достық станциясы тар табаңды жолда тәулігіне 12 пойызды қарсы алмақ. Бұрын бұл көрсеткіш тиісінше тәулігіне 12 және 8 пойыз болған.
"Аталған келісім ҚР аумағы арқылы транзитпен, атап айтқанда Азия елдерінен Еуропаға және Орталық Азияға теміржолмен жүк тасымалдауда барлық кедергілерді жоюға бағытталған", - дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов.
Бүгінгі таңда, Достық – Алашаңқай және Алтынкөл – Қорғас шекаралық өткелдері арқылы Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша жүктердің 80%-дан астамы өтетіндігін қаперге саламыз.
2018 жылы ҚР мен ҚХР арасындағы тасымал көлемі 13 млн 979 мың тоннаны құраған.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
56
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
61
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы