Главная Новости Қазақстан мен Қытай шекарасында тағы бір теміржол өткелі ашылады
10 қараша 2023, 13:30 1432

Қазақстан мен Қытай шекарасында тағы бір теміржол өткелі ашылады

Қазақстан мен Қытай шекарасында тағы бір теміржол өткелі ашылады

Қазір жұмыс істеп тұрған Достық және Алтынкөл өткелдерінің қатарына Абай облысында Бақты қосылады, деп хабарлады Информбюро порталы.

Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасымалына арналған үшінші теміржол өткелін салу жоспарланып отыр. Ол Абай облысында Бақты – Тачен автомобиль өткізу пункті ауданында салынбақ. Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды. 

Бақты өткелі Абай облысының Үржар ауданы мен ШҰАА Тачэн округінің Тачэн қаласын байланыстырады. Өткелдің Қытай жағындағы атауы – Покиту. 

Көлік министрлігінің түсіндіруінше, бұл мемлекет басшысының тапсырмасы және "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында қолға алынған жоба. 

Жаңа теміржол өткелі тәулік бойы жұмыс істейді және халықаралық жүк тасымалын жеңілдетеді. 
Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай арасында екі теміржол өткізу пункті (Достық және Алтынкөл) мен бес автомобиль өткізу пункті жұмыс істейді. Олар: Қорғас, Қалжат, Достық, Бақты, Майқапшағай. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: