Главная Новости Қазақстан мен «Шеврон»: энергетикалық әріптестікті нығайту және жаңа жобаларды іске қосу
15 апреля 2025, 12:42 1877

Қазақстан мен «Шеврон»: энергетикалық әріптестікті нығайту және жаңа жобаларды іске қосу

Қазақстан мен «Шеврон»: энергетикалық әріптестікті нығайту және жаңа жобаларды іске қосу

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов «Шеврон» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы — Қазақстан мен әлемдегі жетекші энергетикалық компаниялардың бірі арасындағы стратегиялық әріптестіктің қазіргі жағдайы мен келешегі.

Министр «Шевронмен» ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың маңыздылығын және компанияның Қазақстанның мұнай-газ секторы мен экономикасының дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті. Қазақстан Үкіметі инвесторлар үшін тұрақты әрі сенімді жағдайлар жасап келеді.

Негізгі жетістіктердің бірі — Теңіз кен орнындағы Болашақ кеңейту жобасының (БКЖ) табысты аяқталуы. Бұл еліміздің энергетикалық әлеуетін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. Кездесуде жобалық көрсеткіштерге қол жеткізу, өндірістік үдерістерді оңтайландыру, сондай-ақ өзара тиімді мүдделерді ескере отырып, Теңіздегі ынтымақтастықтың алдағы кезеңдері талқыланды.

Қазақстан тарапынан өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарын сақтау, жабдықтарға уақытылы техникалық қызмет көрсету және жаңғырту қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ жобалардағы қазақстандық үлесті арттыру мен ұлттық кадрларды дамыту мәселелері көтерілді.

Мұнай-газ химиясы саласының келешегіне де баса назар аударылды. Полипропилен өндіретін кешенді қажетті шикізатпен қамтамасыз ету және полиэтилен өндірісінің негізі болатын газды бөлетін кешеннің құрылысы талқыланды. Қазақстандық тарап жергілікті бизнесті дамыту мақсатында өнеркәсіптік кластер құрудың маңыздылығын атап өтті.

«Біз «Шевронмен» әріптестікті жоғары бағалаймыз. Бұл серіктестік Теңіздегі БКЖ сияқты маңызды жобаларды іске асыруға мүмкіндік беріп отыр. Алдағы ынтымақтастық Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне сай келуі керек. Олардың қатарына Теңізді дамыту, қауіпсіздік стандарттарын сақтау, ұлттық кадрларды қолдау және мұнай-газ химиясын ілгерілету жатады. Біз ортақ мақсаттарға жету жолында ашық диалогқа дайынбыз», — деді ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

Министр сонымен қатар ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету мақсатында жаңа газ өңдеу зауытының құрылысының стратегиялық маңызын атап өтті. Үкімет бұл жобаны жедел жүзеге асыруда консорциум акционерлерінің, соның ішінде «Шевронның» белсенді қатысуына сенім артады. Тараптар мұнай тасымалдау бағыттарын әртараптандыру және ішкі нарықты тұрақты газбен қамту мәселелерін де талқылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: