Главная Новости Қазақстан мен Түркіменстан «Қытай – Қазақстан – Түрікменстан – Иран» дәлізін бірлесіп дамытады
29 қараша 2023, 16:45 778

Қазақстан мен Түркіменстан «Қытай – Қазақстан – Түрікменстан – Иран» дәлізін бірлесіп дамытады

Қазақстан мен Түркіменстан «Қытай – Қазақстан – Түрікменстан – Иран» дәлізін бірлесіп дамытады

Ашхабад қаласында ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев және Түркіменстан Министрлер кабинеті жанындағы Көлік және коммуникация агенттігі бас директорының орынбасары Батыр Аннаевтың тең төрағалығымен көлік, транзит және логистиканы дамыту мәселелері жөніндегі Қазақстан-Түркіменстан бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жұмыс тобының отырысы шеңберінде көлік, транзит және логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Түрікменстан Министрлер кабинеті жанындағы Көлік және коммуникациялар агенттігі арасында көлік саласындағы өзара байланыс туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум екі ел арасындағы теміржол және теңіз көлігі саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді. Атап айтқанда, қолайлы тарифтік жағдайлар жасау, инфрақұрылымды дамытуды үндестіру, өзара ақпаратпен алмасу үшін цифрлық шешімдерді енгізу жөнінде бірлескен шаралар қабылдауды қоса алғанда, екі елдің аумақтары бойынша тасымалдау көлемін арттыру мәселелері қамтылатын болады.

Сонымен қатар жұмыс тобының отырысы барысында тараптар «Қытай – Қазақстан – Түрікменстан – Иран» дәлізін бірлесіп дамыту туралы уағдаласты. Екі тарап сонымен бірге «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі транзиттік және экспорттық жүктер ағымының маңызды бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Айта кетерлігі, жалпы осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша аталған дәліз бойынша жүктерді тасымалдау көлемі 15%-ға ұлғайып, 1,7 млн тоннаны құрады.

Күн тәртібіне сәйкес тараптармен теміржол қатынасы саласында икемді бәсекеге қабілетті тарифтік саясатты қалыптастыру мәселесі көтеріп, бұл бағытта атқарылған жұмыстың оң нәтижелері сөз болды. Кездесу соңында екі ел арасындағы көлік, транзит және логистика саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығы ерекше аталып өтті.

Ашхабад қаласына жұмыс сапары аясында көлік вице-министрі Т.Ластаев көлік саласына қатысты өзекті мәселелер қозғалған халықаралық конференция мен көлік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тиісті көрмеге қатысты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: