Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстан мен Түркия Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалды ұлғайтуға мүдделі. Бұл туралы Ақордада Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөзден кейін БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Қазір әлемдегі геосаяси ахуалдың күрделеніп тұрғанын білесіздер. Осы орайда біз көлік-транзит саласында бірлескен нақты шаралар қажет екенін атап өттік. Бұл туралы көзқарасымыз ортақ. Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалды ұлғайтуға екі ел де мүдделі. Өңірдегі тұрақтылықты сақтау үшін бұл стратегиялық жобаның зор маңызы бар. Биыл 7 айда осы бағыт арқылы тасымалданатын жүк көлемі 2,5 есеге артып, 1 млн тоннаға жетті. Осы ретте мемлекеттеріміздің ортақ дәлізді дамытуы қазір өте маңызды», – деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысы Түркия Президентімен жаһандағы өзекті мәселелерді талқылағанын атап өтті.
«Көптеген халықаралық мәселелер бойынша екі елдің ұстанымы өте жақын екенін баса айтқым келеді. Бұл біз үшін өте маңызды. Сонымен бірге халықаралық және аймақтық деңгейде тығыз ықпалдастықты одан әрі жалғастыруға уағдаластық. Қазақстан мен Түркия – өте жақын бауырлас мемлекеттер. Біз көпжақты дипломатияны одан әрі нығайтуға ерекше мән береміз. Екі елдің серіктестігі БҰҰ, Түркі мемлекеттерң ұйымы, АӨІСШК сияқты көпжақты құрылымдар аясында ойдағыдай дамып келеді», – деді Мемлекет басшысы.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
133
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»