Главная Новости Қазақстан мен Вьетнамның пошта операторлары ынтымақтастық туралы келісімге келді
21 тамыз 2023, 14:11 783

Қазақстан мен Вьетнамның пошта операторлары ынтымақтастық туралы келісімге келді

Қазақстан мен Вьетнамның пошта операторлары ынтымақтастық туралы келісімге келді

Мемлекет басшысының Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары аясында «Қазпошта» АҚ мен «Vietnam Post» корпорациясы арасында электрондық коммерция мен пошта қызметін дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы негізгі меморандумға қол қойылды.

Осы тарихи келісім шеңберінде тараптар электрондық коммерцияны дамыту, тарифтік саясатты оңтайландыру, ақша аударымдары жүйесін жаңғырту және жеткізу маршруттарын оңтайландыру үшін күш біріктіреді. Меморандумға сәйкес екі пошта операторы арасындағы өзара тиімді қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған серіктестік байланыстар орнату жоспарлануда.

Меморандумға қол қою «Қазпошта» АҚ мен «Vietnam Post» корпорациясы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңызды кезеңі болып табылады, сондай-ақ екі тараптың да инновацияларды енгізуге және электрондық коммерция мен пошта саласында жоғары нәтижелерге бірлесіп қол жеткізуге ұмтылысын растайды.

«Vietnam Post» корпорациясымен меморандумға қол қою Қазақстан мен Вьетнамда электрондық коммерция мен пошта қызметін дамыту үшін жаңа перспективалар ашады. Біз «Vietnam Post» - пен серіктестігіміз осы салаларда тәжірибе және үздік тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік береді, сондай-ақ клиенттеріміз үшін қызмет көрсету сапасын жақсартуды қамтамасыз етеді деп сенеміз», – деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова.

Әсел Жанасованың сапары Vietjet Airlines компаниясының өкілдерімен және басқа да жеке бизнес өкілдерімен кездесулерді қамтыды. Бұл кездесулер екі елдің бизнес қауымдастықтары арасындағы байланыстарды нығайтуға және ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: