Главная Новости Қазақстан мұнай-газ секторын жергіліктендірудің жаңа бағытын айқындады
23 июля 2025, 16:32 358

Қазақстан мұнай-газ секторын жергіліктендірудің жаңа бағытын айқындады

Қазақстан мұнай-газ секторын жергіліктендірудің жаңа бағытын айқындады

Энергетика министрлігі Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ жобаларының операторларына отандық өндірушілерді тартуға бағытталған нақты стратегиялық міндеттер жүктеді.

Астана, 2025 жылғы 23 шілде – Энергетика министрлігі жергілікті қамтуды дамыту саясатының жаңа, айтарлықтай талапшыл кезеңіне көшетінін мәлімдеді.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың төрағалығымен өткен Халықаралық мұнай-газ машина жасау саласын дамыту орталығы (IMBC) қауымдастығы кеңесінің отырысында ірі мұнай-газ операторлары – «Теңізшевройл», «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтингтің» сатып алу практикасын түбегейлі өзгертуге бағытталған нақты іс-шаралар кешені ұсынылды.

Экономиканы әртараптандыру бойынша стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін жұмыстың қарқынын едәуір жеделдету де тапсырылды. Министр бұған дейінгі келісімдер мен Парламент Мәжілісіндегі тыңдаулар қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың нақты орындалуын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерді салу керек екенін де баса айтты.

Біз серіктестеріміздің Қазақстан экономикасына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Сонымен қатар жаңа міндеттерді орындау үшін әлеуетіміздің жететінін көріп отырмыз. Біздің тұжырымдамалық мақсатымыз – ірі жобалардың айналасында өзін-өзі қамтамасыз ететін өнеркәсіптік кластер қалыптастыру. Бұл бүгінде ұлттық экономиканың тұрақтылығына тікелей әсер ететін мәселе, – деді ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

Осыған орай, операторларға нақты міндеттер қойылды. 2025 жылдың қыргүйек айында Ақтау қаласында өтетін Мұнай-газ машина жасау форумы аясында отандық жеткізушілермен бірқатар келісімшарттарға қол қою жоспарланған. Сонымен қатар әрбір оператордың кемінде бес ұзақмерзімді келісімшарты отандық өндірушілермен жасалуы керек.

Сондай-ақ халықаралық OEM-өндірушілерінің өндірісін елімізде жергіліктендіру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бұл үшін барлық қолжетімді тетіктер, соның ішінде «инвестициялық айырбас шарты» сынды құралдар қолданылуы тиіс.

Бұл бастамалар IMBC-тің 109 мыңнан астам тауар позициясы бойынша жүргізген аналитикалық талдауына және 200-ден астам жергілікті кәсіпорынды қамтыған аудиттің нәтижелеріне сәйкес жүргізіледі. Нақты шаралардың орындалуы Энергетика министрінің тікелей бақылауында болады. Мұнан бөлек, операторлар мен Қазақстан Үкіметі арасындағы өзара байланыстың тиімділігін бағалауда негізгі көрсеткіштердің бірі ретінде қаралады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: