Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Түркияның Джейхан портына барып, «ҚазМұнайГазға» тиесілі Румынияда орналасқан «PETROMIDIA» мұнай өңдеу зауытына Қазақстан мұнайын жөнелту барысымен танысты.
«Біз отандық мұнай-газ саласы үшін айтулы оқиғаның куәгері болып отырмыз. Мемлекет басшысының Қазақстан мұнай тасымалының жаңа бағыттарын дамытуға ерекше көңіл бөлетіні кездейсоқ емес. Бұл тұрғыда әзербайжандық SOCAR компаниясымен жасалған келісімнің іс жүзінде орындалып жатқаны қуантады. Бұл өзара ынтымақтастығымызды одан әрі дамытудың әлеуеті зор екендігін растап отыр», – деді жөнелтуді бастау рәсімі кезінде Мағзұм Мырзағалиев.
Сонымен қатар, ҚМГ басшысы іс-шараға қатысқан «Теңізшевройл» компаниясының басшылығына Баку–Тбилиси–Джейхан мұнай құбыры арқылы тасымалдау шарттары бойынша табысты жүргізілген келіссөздер сериясы үшін алғысын білдірді.

Джейхан терминалынан көлемі 80 мың тонна мұнайдың алғашқы партиясын «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ЖШС-не (ҚМГ-нің еншілес ұйымы) тиесілі отандық «ALATAU» танкері тасымалдайтынын атап өткен жөн. Ол мұнай Румынияның Констанца порты бағытына жөнелтіліп, «Petromidia» мұнай өңдеу зауытына түсіріледі.
Ақтау – Баку – Джейхан маршруты бойынша жыл сайын 1,5 млн тонна көлемінде мұнай транзиті туралы бес жылдық келісімге «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен Әзербайжанның SOCAR компаниясы өткен жылдың соңында қол қойды. Биыл наурыз айында Қазақстан мұнайы Ақтау – Баку бағыты бойынша жөнелтіле бастады. Тасымалдауға қазақстандық және әзербайжандық флоттар паритеттік негізде жұмылдырылды. 20 сәуірдегі жағдай бойынша Ақтау портынан 86 мың тонна мұнай жөнелтілді.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
133
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»