Главная Новости Қазақстан өңірлерінен 350 адам «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасына қатысты
10 қаңтар 2024, 15:16 1484

Қазақстан өңірлерінен 350 адам «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасына қатысты

Қазақстан өңірлерінен 350 адам «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасына қатысты

2022 жылдан бастап «Табысты отбасы» жобасы «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен Ұлытау, Жетісу, Абай, Ақтөбе, Түркістан және Ақмола облыстарында іске қосылған. Ол 350-ден астам қатысушыны қамтыды және бүгін оның алғашқы түлектерінің жетістіктерімен бөлісуге болады.

Осылайша, Жетісу өңірінің жоба қатысушылары өздерінің шағын бизнесін ашты. Ескелді ауданындағы көп балалы ана Аида Баймұхамбетова кәсіппен айналысуға қажетті білім мен дағдыны бойына сіңіріп, ауылдан шағын тігін цехын ашуға бел буды. Өз жұмысының алғашқы айында 1 миллион теңгеге тапсырыс алды. Қазіргі таңда цехте 3 тігінші жұмыс істейді.

Алакөл ауданынан келген Лаура Қананбай түрлі кондитерлік өнімдер – торттар мен тоқаш пісірсе, «Сұлулық индустриясы» мамандығы бойынша білім алған көп балалы аналар Ләйлягүл Түменова мен Ләйля Мурзабаева Талдықорған қаласындағы сұлулық салондарында жемісті еңбек етуде.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: