Главная Новости Қазақстан пойыз дыбысын қатты шығармайтын рельс өндірісін қолға алды
28 қыркүйек 2023, 08:25 1628

Қазақстан пойыз дыбысын қатты шығармайтын рельс өндірісін қолға алды

Қазақстан пойыз дыбысын қатты шығармайтын рельс өндірісін қолға алды Фото: Сұлугүл Бакесова

Бастысы, халықаралық көрме арадағы  алыс-берісті арттыруға ықпал етпек. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бірлесіп,  80 жобаны іске асыру жөнінде уағдаластық жасасты, деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.

Көрме - әлемнің түкпір-түкпірінен келген билік өкілдерін, өндірушілер мен инвесторларды біріктіретін алаң. Бұл жерде келушілер назарына металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы мен фармацевтика салаларындағы өнімдердің түр-түрі ұсынылды. Өнеркәсіп саласындағы соңғы жетістіктер қойылатын "Иннопром" халықаралық шарасына Қазақстан,  2019 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Биыл тұңғыш рет елімізге ұйымдастыру міндеті жүктелді.  

– Иннопром көрмесінің өнеркәсіптік кооперацияларды құрудағы рөлі айрықша. Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 6,3 млрд долларды құрайтын 24 келісімге қол қойылды. Екатеринбургте өткен көрмеде құны 60 млрд теңгеден асатын 20 келісімге қол қойылған болатын. Экономикалық тұрғыдан қарастыратын болсақ, бұл бірлескен жобаларды тиімді іске асыру, тауар айналымын ұлғайту, негізгі капиталға инвестициялар тарту, – дейді ҚР ӨҚМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Азамат Панбаев.

Көрмеге Еуразиялық экономикалық Одақ елдерінен келген 300-ден астам кәсіпорын мен компания өкілі қатысып жатыр. Айта кетейік, Қазақстан экспозициясы 8-ші павильонға орналасқан. 140 отандық кәсіпорын өз өнімдерін көпшілікке ұсынды. Жиын барысында Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей үкіметтерінің басшылары көрме экспозициясымен танысты. "Транстехмаш" отандық холдингінің өнімдері премьер-министрлердің ерекше қызығушылығын тудырды. Келушілердің де назарын бірден өзіне аударды. Холдинг негізінен теміржолшыларға арналған модульдік-блокты ғимараттар мен рельсті дәнекерлеу жабдықтарын өндірумен айналысады.  

– Біз жылына 1562 рельс дайындауды жоспарлап отырмыз. Өндірісіміздің негізгі артықшылығы сол – пойыз жүргенде қатты дыбыс шықпайды. Бұл өз кезегінде нарықта жоғары жылдамдықпен жүретін пойыздардың артуына серпін бермекғ - деді Елнұр Бисембаев, компания өкілі.

 - Әзірге ішкі нарық қана қамтамасыз етіп отырмыз. Алдағы 1 жылда еуразиялық экономикалық одақ  елдері мен ТМД-ға шығуды жоспарлап отырмыз. Өнімдеріміз әркез сұраныста. Болашақта өндіріс көлемін ұлғайтуға ниеттіміз. Қырғызстан, Армения, Өзбекстан сияқты мемлекеттерде серіктестеріміз бар, – дейді компания өкілі Ботагөз Ахметбаева.  

Бұған дейін Қазақстан - Еуразиялық экономикалық Одақ елдеріндегі серіктестерімен бірлесіп өнеркәсіп саласында 38 жобаны жүзеге асырды. Жаңа өнім шығару және экспорттық әлеуетке басымдық берілді. Соңғы 5 жылда республиканың өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 2 есе артып, 20 трлн теңгеден асып түсті.  

Сайып келгенде халықаралық көрме арадағы алыс-берісті арттыруға ықпал етпек. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бірлесіп,  80 жобаны іске асыру жөнінде уағдаластық жасасты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: