Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Атырау қаласындағы «ҚМГ Инжиниринг» филиалының базасында Қазақстан мұнайының 125 жылдығына, ұлы ғалым Қ.И.Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Газ индустриясы және саланы дамытудың жаңа көкжиектері: ресурстық базадан іске асыруға дейін» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында ғылыми зертханалық зерттеулер орталығының салтанатты ашылуы өтті.
Конференцияның өтетін күні жаңа заманауи зертханалық орталық ғимаратының ашылуымен тұспа-тұс келді.
Зертханалық орталықтың ашылуы ҚР Энергетика вице-министрі Арымбек Құдайбергеннің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиевтің, KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Ұзақбай Қарабалиннің, Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамының президенті Балтабек Қуандықовтың және «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС бас директоры – Басқарма төрағасы Рахим Өтеевтің, сондай-ақ мұнай-газ саласы ардагерлерінің қатысуымен өтті.
Ғылыми және зертханалық зерттеулер орталығында 8 зертхана жұмыс істейді:

Зертхана мамандары мұнай-газ саласының өзекті мәселелерін шешу үшін заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, зертханалық зерттеулер кешенін жүргізеді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі ресурстық базаны дамыту және кен орындарын сенімді және тиімді пайдалану мақсатында жаңа технологияларды енгізуге бағытталған жобалық құжаттар мен шешімдерді әзірлеу үшін негізгі ақпарат болып табылады.
Зертханалық блоктың жаңа ғимараты бойынша таныстыру экскурсиясы Қазақстандағы және шетелдегі газ индустриясының қазіргі жағдайын талқылауға арналған «Газ индустриясы және саланы дамытудың жаңа көкжиектері» атты ахалықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысымен жалғасты.
Іс-шара шеңберінде Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Беларусь Республикасы, Қытай Халық Республикасының ірі газ өндіруші және газ сервистік компанияларының, ғылыми-техникалық орталықтарының, академиялық институттары мен университеттерінің өкілдері газ қорларын бағалаудың жаңа технологияларын, ресурстық базаны дамыту деңгейін, газ өндіру мен газ қақпақтарын игеруді болжауды, газ ұңғымалары конструкциясының ерекшеліктерін және мұнай ұңғымаларын пайдалану мүмкіндіктерін, кәсіпшілік өнімдерді жинау жүйелерінің жұмысын, кен орындарын жайластыру үшін инвестициялар мүмкіндіктерін, газ және газ конденсаты кен орындары жобаларын іске асыру тәжірибесін талдады. Конференцияға 160-тан астам офлайн және онлайн қатысушылар қатысты, 70-тен астам компаниялар мен ұйымдар тіркелді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
123
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»