Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қытай Халық Республикасының Жудун қаласында «Моторға газ» атты табиғи газбен жүретін техниканың ең ұзақ халықаралық автошеруі басталды. Шара Қазақстан, Қытай және Ресей елдерінің ірі энергетикалық «ҚазМұнайГаз» ҰК», «СNPC» және «Газпром» компанияларының қатысуымен ұйымдастырылды.
Бұл газды-моторлы отынмен жүретін көліктердің автожарысы тарихындағы ең үлкен жарыс, ұзындығы 9 881 шақырымды құрайды. Бұған қоса оның елеулі бөлігі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жаңа халықаралық көлік дәлізі бағыты бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтеді. Қытай, Қазақстан және Ресей аумағындағы автошеру бағыты: Жудун, Суцянь, Чжэнчжоу, Сиань, Динси, Увэй, Цзяюйгуань, Хами, Тұрфан, Усу, Қорғас (Қытай), Алматы, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Арал, Ақтобе (Қазақстан), Орынбор, Альметьевск, Қазан, Нижний Новгород, Владимир, Торжок және Санкт-Петербург (Ресей) қалалары арқылы өтеді деп хабарлайды «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі .
Жарыстың қазақстандық бөлігінде көліктерге газ толтыруды ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» АҚ қамтамасыз ететін болады. Жарысқа қатысушылар 4 қазанда VIII Петербург халықаралық газ форумының ашылуы шеңберінде Санкт-Петербург қаласында мәреге жетуді жоспарлап отыр.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Рустам Сулейманов, осы автошеруді өткізу табиғи газды экологиялық таза және үнемді моторлық отын ретінде пайдалануды насихаттау үшін шынайы мүмкіндік екендігін айтты.
«Қазір Қазақстанда көліктік секторды жаңғырту және оны дизельді отыннан табиғи газға ауыстыру мәселесі қарастырылуда, - деді Рустам Сулейманов. - 2022 жылға қарай көліктік сектордың табиғи газды тұтынуын он есеге ұлғайту болжанып отыр. Бұл үшін автоматты және криогенді газ толтыру станциялары желілерін кеңейту жобалары іске асырылатын болады. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу зиянды шығарындылардың азаюына, жұмыс орындарының ұлғаюына және отын шығындауды үнемдеуге елеулі әсер етеді».
2171
25 февраля 11:03
«Бумажный десант»: как 4,4 тонны макулатуры в АО «АлЭС» стали миссией по спасению планеты
2551
18 января 07:15
Богатырская реновация. Легендарный ЭШ 11/70 скоро встанет в строй
5067
01 ноября 09:20
Глава АО "Ульбинский металлургический завод": наш секрет - профессиональный коллектив
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
36
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы
183
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде