Главная Новости Қазақстан темір жолында қоғамдық тыңдау өтті
26 сәуір 2024, 16:35 665

Қазақстан темір жолында қоғамдық тыңдау өтті

Қазақстан темір жолында қоғамдық тыңдау өтті

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да заңнамаға сәйкес табиғи монополиялар саласында магистральдық теміржол желісінің, кірме жолдардың және электр энергиясын берудің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қатысты Компанияның 2023 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2024 жылға арналған міндеттері бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

Онлайн және офлайн форматында өткен жиынға ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдері мен қызмет тұтынушылары қатысты. Қоғамдық тыңдауға төрағалық еткен компанияның қаржы жөніндегі басқарушы директоры Даир Көшеров, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өз қызметінің тиімділігін арттыру және жақсарту мақсатында қызметтерді тұтынушылармен қарым-қатынаста ашық саясат жүргізетінін атап өтті.  

Бұдан кейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы директорының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары Александр Кирович сөз алды. Ол баяндамасында субъект туралы жалпы ақпаратты ұсына отырып, магистральдық теміржол желісінің қызметтерін көрсету саласындағы жұмыс көрсеткіштері, көрсетілген қызметтердің көлемі мен сапасын орындау, инвестициялық бағдарламаны іске асыру, негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу және қызметті дамыту перспективалары, тарифтік сметаның баппен орындалуы, сондай-ақ қызметтерді тұтынушылармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді.  

Оның айтуынша, магистральдық теміржол желісінің реттелетін қызметтеріндегі жүк айналымы (экспорт, импорт, ішкі қатынас) 209 834 млн тонна-километрді құраған.  

«Магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінен түскен кірістер 474 млрд теңге деңгейіне жетіп жығылды.  

Ал 2023 жылы магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 130 млрд теңгені құрады.  

«Компания тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылып, күрделі жөндеуді қажет ететін жол километрлерінің көлемін азайтудың оң динамикасына қол жеткізілді. Алайда, оны одан әрі төмендету бойынша одан да үлкен жұмыс күтіп тұр. ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді. ҚР Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлығымен (51-тармақ) бекітілген бұл Іс-қимыл жоспарында жөндеуді талап ететін жолдың километрлерін 2029 жылға дейін жыл сайынғы өсім деңгейіне дейін жеткізу қарастырылған. Осыған орай инфрақұрылымның «тар» жерлерін жою жөніндегі бағдарлама әзірленді. Бүгінде Достық-Мойынты учаскесінде екінші жол салу бойынша ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Жаңа темір жол желілері: Бақты-Аягөз, Дарбаза-Мақтаарал, Алматы торабының айналасындағы айналма теміржол желісінің құрылысы басталды. Магистральдық желі дирекциясы бойынша әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту және еңбекті ұйымдастыру деңгейін арттыру жөніндегі бағдарлама әзірленіп, іске асырыла бастады», – деп атап өтті Александр Кирович.  

Кірме жолдарға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну, электр энергиясын беру бойынша Магистральдық желі дирекциясының экономика жөніндегі атқарушы директоры Ерлан Қизатов баяндады. Негіздемелері толық көрсетілген есептеме www.railways.kz сайтының «Инфрақұрылым» бөлімінде орналастырылған.  

Сұлугүл Бакесова

Дереккөз: "Қазақстан темір жолы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: