Главная Новости Қазақстан темір жолындағы «Үздік тіл маманы» кім?
17 қазан 2024, 13:35 238

Қазақстан темір жолындағы «Үздік тіл маманы» кім?

Қазақстан темір жолындағы «Үздік тіл маманы» кім?

Қазақстан халқының тілдері күні және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ҚТЖ-да «Үздік тіл маманы» байқауы өтті. Компанияның Мемлекеттік тілді дамыту секторы ұйымдастырған жарысқа түрлі құрылымдық бөлімшелер мен еншілес ұйымдардан 23 теміржолшы қатысты.  

Байқау мақсаты – мемлекеттік тілді құрметтеу және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді нығайту, қызметкерлерді мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру, сонымен қатар аударма мен мемлекеттік тілде іс жүргізу, құжаттар дайындау сапасын арттыру. Жарысқа лауазымдық қызметіне аударма жұмысы кірмейтін қызметкерлер қатысып, оларға байқаудың бірінші кезеңінде жергілікті актілерді, қызметтік хаттарды орыс тілінен қазақшаға тәржімалауға тапсырма берілді.

Екінші кезеңде терминдер аударылды. Үшінші кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталып, оның шартына сай қатысушылар 3-4 сөзден тұратын қазақша сөздерді табуға тырысты. Сайыс нәтижесі «Ана тілім – ардағым» байқауында жарияланды. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың сауаттылығына, аударма жасау стиліне, ой ұшқырлығына қарай баға берді. Әрбір кезеңнің нәтижесін шығару 10 балдық жүйе бойынша жүргізілді.  

Нәтижесінде «Үздік тіл маманы» байқауының бас жүлдесін «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Бас есептеу орталығы» филиалының 2-деңгейлі жетекші инженер-бағдарламашысы Қаламқас Алпысбаева иеленді. Ал 1-орын «Кеденкөліксервис» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің менеджері Қалкен Қарынтаеваға берілсе, 2-орынды компанияның Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің менеджері Диас Шарафадин мен «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ 1-санатты оқу орталығының маманы Жанар Қуанышева алды, 3-орынды Екібастұз станциясы есеп бөлімінің персонал жөніндегі менеджері Кенжегүл Бақыт, Астана теміржол вокзалының персоналды басқару бөлімінің менеджері Айдана Асылбекова, «Кеденкөліксервис» АҚ корпоративтік даму және қоғаммен байланыс департаментінің 2-деңгейдегі бас менеджері Мейрамгүл Мерғалиева өзара бөлісті.

Бұл байқаудың да жүлделі орын алған қатысушылары құнды сыйлықтарға ие болды. Ұйымдастырушылар мұндай байқауларды өткізуді алдағы уақытта дәстүрге айналдыруды көздеп отыр.  

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: