Главная Новости Қазақстан темір жолының 120 жылдығына арналған шаралар жалғасуда
16 шілде 2024, 14:03 469

Қазақстан темір жолының 120 жылдығына арналған шаралар жалғасуда

Қазақстан темір жолының 120 жылдығына арналған шаралар жалғасуда

Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметкерлері арасында футболдан турнир өтті. «Қазкөліккәсіп» ҚБ ұйымдастырған спорттық сайысқа компанияның жолаушылар тасымалы шаруашылығы қызметкерлері қатысты.

Сонымен қатар сайысқа тек «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрамындағы ғана емес, жекеменшік тасымалдаушы компаниялар қызметкерлері де қатысып, барлығы 9 команда жүлделі орындар үшін өзара бақ сынасып, жасыл алаңда ойын көрігін қыздырды.  

Астанаға еліміздің түкпір-түкпірінен, атап айтқанда Маңғыстау, Ұлытау, Түркістан, Алматы, Қарағанды, Қостанай облыстарынан жиналған командалар бір біріне дес бермей ұзақ арбасты. Іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Орталық аппараты кәсіподақ комитетінің төрайымы Эльнара Айгелдинаның айтуынша, аталған командалар арасында барлығы 20 ойын өтіп, олардың арасынан озықтары командалық есепте 3 жүлделі орынға және жекелеген ойыншылар 4 номинацияға ие болды.  

Өзара бірнеше жарыстан соң ақтық финалда 1-орынды «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» филиалы командасы иеленсе, 2-орын «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалы командасына берілді. Ал 3-орынды маңғыстаулық жеке тасымалдаушы компания «Отпан Logistik» ЖШС командасы алды. Жеңімпаздар арнайы дипломдар, кубоктар және сәйкесінше 50 мың, 30 мың және 20 мың теңгемен марапатталды. Сонымен қатар бірнеше ойыншы ерекше аталымдарға ие болды. Атап айтқанда «Үздік қақпашы» атағы «Отпан Logistik» ЖШС қызметкері Азамат Наурызовқа, «Үздік жартылай қорғаушы» атағы осы ЖШС қызметкері Қанат Әуезовке, ал «Үздік қорғаушы» атағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының қызметкері Айбар Қалуовқа берілді.  

«Қазкөліккәсіп» ҚБ Астана торабы филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев теміржолшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спорттық жарыстарды кеңінен тарату мақсатында кәсіподақ тарапынан қашан да қолдау көрсетіле беретінін жеткізді.  

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: