Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты мекемелер арасында шағын футболдан спартакиада ұйымдастырылды.
Тараз қаласында өткен жарыста айналмалы жүйе бойынша үздік командалар анықталды. Әсіресе финалдық кездесу тартысқа толы болды. Финалдық ойынға дейін шабылдаушы позициясын ұстанған ВЧД-27 Сарышаған вагон пайдалану депосының қызметкерлері ТЧЭ-30 Шу локомотив пайдалану депосының футболшыларына қарсы матчта қорғаныс тактикасына көшті.
«ТЧЭ-30» командасының финалдық ойында қорғанысқа көшуінің өзіндік себебі бар. Себебі биыл шағын футболдан өткен жарыстарда бұл команда шеберліктерін бірнеше мәрте дәлелдеген. Алайда шулықтар қорғаныс шебін бұзып өтіп, қарсыластарының қақпасынан саңылау таба алды.
Осылайша спартакиаданың кубогы «ТЧЭ-30» командасына бұйырды. Финалға дейін жеткен «ВЧД-27» ойыншылары 2-орынды місе тұтты. «ТЧЭ-31» Жамбыл локомотив пайдалану депосының футболшылары үздік үштікті түйіндеді.
– Шағын футбол бұқаралық сипатқа ие екенін айту керек. Теміржолшылар да, басқа сала өкілдері де аймақта шағын футболды жақсы ойнайды, жарыстарға белсенді қатысады. Өткен айда теміржолшылардың салалық кәсіподақ ұйымы шағын футболдан ұйымдастырған тораптық жарыста да командалар арасында бәсеке жоғары болған. Сол жолы жеңіске жеткен «ТЧЭ-30» командасы бүгін де чемпиондық атақтарын қорғап қалды, кіл мықты Шуда болып тұр, – дейді Жамбыл бөлімшесі кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Серік Наурызбаев.
Ардақ Үсейінова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
119
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»