Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстан теміржолшылары өздерінің кәсіби мерекесін атап өтті.
Көпжылдық дәстүр бойынша теміржолшылар үшін айтулы датаның құрметіне компанияның барлық өңірлік бөлімшелерінде мерекелік іс-шаралар мен салтанатты жиындар өтеді, онда жұмыс қорытындыланып, жылы құттықтаулар айтылып, магистральдің үздік қызметкерлері марапатталады.
Биыл компанияның 1200 астам қызметкері түрлі марапаттарға ие болды. «Адал еңбегі үшін» белгісі 97 қызметкерге берілді. Сондай-ақ 218 теміржолшы «Кәсібі бойынша үздік» және «Үздік басшы» салалық атақтарын алды. Компания басшылығының құрмет грамоталарына және алғыс хаттарына 700 астам адам ие болды. Саланың басты наградасы – «Құрметті теміржолшы» белгісі – 76 қызметкерге табысталды.

Марапаттарды елордадағы орталық кеңседе еліміздің барлық өңірлерінен қызметкерлер шақырылған салтанатты жиында компания басшылығы табыс етті. Залдағы ең алдынғы орындарды консультативтік кеңес пен Ардагерлер кеңесінің мүшелері иеленді.
Бүгінгі таңда 110 мыңнан астам адам жұмыс істейтін компанияның әрбір қызметкерінің қосқан үлесі алғыс сөздерімен атап өтілді. Олардың бірлескен еңбегінің нәтижесінде салалық және мемлекеттік міндеттерді табысты іске асырылды.
Компания тәуелсіздік жылдарында жүк айналымы бойынша рекордтық көрсеткіштерден асып түсті. Геосаяси өзгерістерге қарамастан контейнерлік транзит өсуде. Ауқымды жөндеу-жол жұмыстары жүргізілуде. Жаңа жолдардың құрылысы басталды. Локомотив паркін жедел жаңарту жүріп жатыр.
Теміржолшылар күрделі өндірістік міндеттерді шешіп ғана қоймақ емес. Олар шын жүректен қайырымдылық жасап, спортпен шұғылданады және мәдени шараларға қатысады.
Салтанатты жиын дәстүрлі түрде өз әріптестеріне ҚТЖ-ның дарынды қызметкерлері дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
190
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи