Главная Новости «Қазақстан теміржолшысы» газетіне – 90 жыл
12 мамыр 2021, 08:57 2140

«Қазақстан теміржолшысы» газетіне – 90 жыл

«Қазақстан теміржолшысы» газетіне – 90 жыл

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ корпоративтік басылымы – «Қазақстан теміржолшысы» газеті 90 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр.

Қазақстанның ең көне салалық басылымы 1931 жылдың 12 мамырынан бастап өз шежіресін жазып келеді. Сол кезде «Түрксіб» атауымен шығып тұрған газеттің алғашқы редакторы жол инженері Мақай Жүнісов болды. Бірнеше жыл бойы ол тек орыс тілінде жарық көрді. 1934 жылы газет қазақ тілінде жарық көрді.

«Қазақстан теміржолшысы» тарихында көптеген жарқын беттер бар. Газет әрдайым уақыт көшімен бірге жүрді және болат жолдағы жұмыс күндері мен маңызды оқиғалар туралы жедел әрі сенімді басты ақпарат көзі бола білді.

Соңғы онжылдықта атауы, көлемі, дизайны мен журналистер ұрпағы  өзгерді, бірақ бастысы: жоғары кәсібилік, принциптілік және жарияланымдар объективтілігі өзгеріссіз қалды. Газетпен ынтымақтастықта жұмыс істеген талантты бас редакторлар, журналистер мен жазушылар қалаған іргетас салалық басылымға ұзақ жылдар бойы еліміздің және ТМД-ның баспа БАҚ арасында жоғары сапа деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік береді.

«Осы жылдар ішінде «Қазақстан теміржолшысы» еліміз темір жолындағы оқиғалардың бел ортасында жүрді, оқырмандарының  сүйіспеншілігіне бөленді, өзін өзекті ақпарат пен байыпты талдау көзі ретінде көрсете білді. Осының бәрінің артында талантты, ынталы адамдардың, өз ісінің нағыз кәсіпқойларының – «Қазақстан теміржолшысы» қызметкерлерінің қажырлы еңбегі мен жоғары қайсарлығы тұр», – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаев.

Бүгінгі күні газет бетінде елордада және өңірлерде тілшілер штаты жұмыс істейді. Газеттің меншікті тілшілері Қазақстанның 14 облысындағы болат магистралінің өміріндегі маңызды оқиғаларды баяндап келеді. Редакция ұжымы үнемі қызықты тақырыптар мен газет дамуының векторларын іздеуде.

2018 жылы «Қазақстан теміржолшысы» газеті 20-дан астам баспа және электрондық корпоративтік басылым қатысқан ХІ Орталық Азия корпоративтік БАҚ байқауының «Үздік дизайн» номинациясында жеңіске жетті.

2021 жылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша «Қазақстан теміржолшысы» ең көп жазылатын республикалық газеттердің Топ-5 қатарына енді.

«Қазақстан теміржолшысы» газеті оқырмандардың – жол қызметкерлерінің, теміржол саласы ардагерлерінің, сондай-ақ басқа да көлік құрылымдары өкілдерінің бірнеше ұрпағынан лайықты беделге ие болды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: