Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің кәсіподақ комитеті ұйымдастырған тораптық жарыста теміржолшылар спорттың 4 түрі бойынша бақ сынасты.
Спорт нұсқаушысы Евгений Тянның айтуынша, Тәуелсіздік күніне және Қазақстан теміржолының 120 жылдығына арналған спартакиада бірнеше станцияда өткізілген.
– Тараз станциясында дартстан өткен жарыста тек теміржолшы қыз-келіншектер сынға түсті. Бәсі биік додада 1-орынды Клара Калдауова жеңіп алды. Ал 2 және 3-орынды ШЧ-36 командасының мергендері Айгүл Керімбекова мен Айша Байболова иеленді, – деді спорт нұсқаушысы.
Ақыл-ойды дамытатын үстел үсті жарысының 2 түрі – шахмат пен дойбыда да бәсеке жоғары болған. Шахматта жүлделі орындарды Тұрарбек Жарас (ЭЧ Сарышаған), Түймебек Досбол («ЖРС» ЖШС), Алмаз Байжанов (ЭЧ Тараз) иеленді.
Шаршы тақта алдындағы бәсекеде ардагер-теміржолшылар да қарсыластарына дес берген жоқ. Дойбыдан зейнеткер Виктор Устинов жеңіске жетсе, Асқар Қырымбаев 2-орыннан көрінді. Ал ВП-35 Тараз қалпына келтіру пойызының маманы Махат Байдалиев үздік үштікті түйіндеді.
Армрестлингте жүлделі орындар Тараз көлік оқу орталығының курсанты Жанболат Бопанов, Бексұлтан Әбдірахманов және Ақжол Әбішевке бұйырды.
Жарыс жүлдегерлері грамоталармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ардақ Үсейінова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
51
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
58
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы