Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Биыл еліміздің 10 өңірінде 64 мың тұрғынға медициналық көмек көрсеткен екі медициналық пойыздың жұмысы қайта жанданды. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
«Биыл практикалық денсаулық сақтау қажеттілігіне сәйкес, өңірлерге 2981 жас маман, оның ішінде ауылға 797 адам бағытталды. Министрлік әкімдіктермен бірлесіп тұрақты негізде мамандардың келу мониторингін жүзеге асырады. Ал жергілікті органдар келген жас мамандарды тұрақтандыру бағытында тиісті қадамдарды іске асыруы қажет», - деді А. Ғиният ауылдағы денсаулық сақтау мәселесін талқалуға арналған Үкімет сағатында.
Оның айтуынша, шалғай ауылдардың тұрғындарына медициналық қызметтерді жеткізу мақсатында көлік медицинасы дамыған. Медициналық көмек және консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсететін 149 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істеп жатыр.
«Биыл еліміздің 10 өңірінде (Атырау, Ақтөбе, Алматы, Абай, Жетісу, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау облыстары) 64 мың тұрғынға медициналық көмек көрсеткен екі «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жұмысы қайта жанданды. Медициналық авиацияны ауыл тұрғындарын тасымалдайтын және шұғыл көмек көрсететін 33 әуе кемесі (20 ұшақ және 13 тікұшақ) жүзеге асырады. Ауылда жедел медициналық көмек көрсету үшін 595 бригада жұмыс істейді, осы бағытта 1,5 млн шақыртуға қызмет көрсетілді», - деді министр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
82
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
89
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы