Главная Новости Қазақстанда биыл 55 елді мекенге газ тартылады
22 ақпан 2023, 11:00 982

Қазақстанда биыл 55 елді мекенге газ тартылады

Қазақстанда биыл 55 елді мекенге газ тартылады

Биыл тағы 55 елді мекен газбен қамтылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

«Газдандырудың бас схемасын қаржыландыру бюджет қаражаты, газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор – QazaqGaz кірісі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен жүзеге асырылады. Жобаларды бюджеттен қаржыландырудың ұлғаюы газбен жабдықтау деңгейін 11 пайызға немесе 2018 жылдан бастап қосымша 2,6 млн адамның газға қол жеткізуіне мүмкіндік берді», - деді ол.

Министрдің дерегінше, биыл 76 жобаны іске асыруға 73,9 млрд теңге қарастырылған.

«Бұл 160 мың тұрғыны бар 55 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2023 жылдың соңында ел бойынша газбен жабдықтау 60 пайыз деңгейінде күтіліп отыр», - деді Болат Ақшолақов.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: