Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстанда мұнайды есепке алу жүйесі биыл іске қосылады, деп хабарлайды SKnews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Энергетика министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіме бірлесіп, «ҰАТ» АҚ базасында мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін толыққанды режимде іске қосады. Механизм тұтынушыға жеткізуге дайындалған айналымдағы шикі мұнай мен газ конденсатының мөлшері туралы деректерді жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді.
«Ақпараттық жүйе дайындықтан, тасымалдаудан, сақтаудан, тиеп-жөнелтуден, өткізуден, Қазақстаннан тысқары жерлерге әкелуден және әкетуден бастап мұнай мен газ конденсатын есепке алудың тиімді құралы ретінде құрылған. Сондай-ақ бұл есептерді тапсыру кезінде адами фактор қателерінің азаюына және қағаз құжат айналымы үлесінің қысқаруына әкеледі.
Мұнай мен газ конденсатын есепке алу жүйесі мұнай өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін кәсіпорындардың қолданыстағы ақпараттық жүйелерімен интеграцияланады. Өндіру, дайындау, қайта өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеп-жөнелту, Қазақстаннан әкелу және әкету көлемдері туралы барлық деректер ақпараттық жүйеге беріледі. Компаниялар орнатылған есептеу құралдарын ішкі бақылау ретінде немесе басқа мақсаттар үшін пайдалана алады», делінген хабарламада.
Уәкілетті орган жедел деректер негізінде мемлекеттік деңгейде шұғыл шешім қабылдайтын, газ конденсаты мұнайының айналымын болжайтын, материалдық теңгерімді автоматты түрде есептей алатын және есепке алу аспаптарынан алынған деректер негізінде есептер қалыптастыра алады.
Бұл ретте, нақты ақпарат алу үшін барлық деректер әр ұйымнан жеке қабылданады, ал есептер кәсіпорынның қызметіне байланысты қалыптасады. Мысалы, мұнай тасымалдау ұйымдары өндіруші ұйымдардан мұнайды қабылдау, мұнай өңдеу ұйымдарына және экспортқа тапсыру бойынша есептерді береді.
Бүгінгі таңда жүйе пилоттық режимде іске қосылған және оған 3 мұнай тасымалдаушы ұйымы қосылды:
«Каспий құбыр консорциумы» қосылу сатысында тұр. Биыл жүйеге Қазақстанның мұнай өндірісінің жалпы көлемінің 60%-ын қамтамасыз ететін бірқатар ұйымды қосу жоспарлануда. 2021-2022 жылдары МЕАЖ-ға барлығы 3 мұнай өңдеу зауыты, 16 шағын МӨЗ, 4 мұнай тасымалдау ұйымы және 100 жер қойнауын пайдаланушы деректер жібереді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!